Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Жастар саясаты

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың жастар саясатының негізгі бағыттары:

Қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында жасы 35-ке дейінгі 52 мыңнан аса жас қызметкерлер жұмыс істейді.

Корпоративтік жастар саясатын жүйелі түрде жүзеге асыру Компанияның кадрлық әлеуетін дамытудың неізгі элементі болып табылады.

2016-2021 жылдарға арналған Жастар саясатының бағдарламасы - Компания жастарымен жұмыс істеудің негізі болып табылады, ол кәсіби дағдыларды жақсартуға, корпоративтік рухты көтеруге, жастарды тарту жүйесін дамытуға, олардың Компанияда оңтайлы түрде бейімделуіне және нық орнын табуына, корпоративтік мәселелерді шешу үшін жастарды тартуға, жастардың халықаралық ынтымақтастығын дамытуға, жастарды рухани-адамгершілік тұрғыдан патриоттық тәрбиелеуге, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтының құндылықтарын және спортты дәріптеуге бағытталған бағдарламалар кешенінен тұрады.

Бағдарламаның мақсаты  – Компанияны жеткілікті кәсіби дағдысы және корпоративтік құзыреттілігі бар, Компанияның корпоративтік құндылықтарын қолдайтын және корпоративтік міндеттерді шешуге тартылған жас қызметкерлердің қажетті санымен қамтамасыз ету есебінен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың стратегиялық дамуына көмек көрсету болып табылады.

Өзекті мәселелерді шешу және жастар саясатына қатысушылардың қызметін үйлестіру үшін Компания Президенті жанынан Жастар ісі жөніндегі кеңес – консультативтік орган құрылды. Жас қызметкерлерге кешенді саясатын қалыптастыру әрі іске асыру жөніндегі басымдықтарын анықтау, жастар саясатын іске асыру тиімділігіне талдау жасау және оны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ Компанияның жас қызметкерлеріне қатысы бар өзге маңызды мәселелерді талқылау болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде, сондай-ақ Компанияның еншілес ұйымдарында Кеңестің өңірлік өкілдері жұмыс істейді.

«Нұр Отан»халықтық-демократиялық партиясының «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тағы бастауыш партия ұйымының жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органы болып табылатын – «Жас Отан» жастар қанатының кеңесі құрылды.

Жастар саясаты шеңберінде іске асырылатын негізгі бағдарламалар –   «Менеджмент жобасы», «Болашақ басқарушылар», «Сен болмасаң, кім?» корпоративті лагері, «КВН қозғалысы» болып табылады. Әрбір жастар жобасы жастарға жаңа мүмкіндіктер аша отырып әрі жаңа сапаларға ие бола отырып, даму үстінде.

«Сен болмасаң, кім?» - бұл саясатпен, экономикамен, жаңашылдықпен, қоғамдық өмір мәселелерімен айналысқысы келетін және азаматтық бастамалар көтеретін жастарды біріктіретін кеңмасштабты алаңша.

Бағдарламаның мақсаты – корпоративтік рухты нығайту, жас қызметкерлерді біріктіру үшін уәждеме жасау, дағдыларды дамыту, жас қызметкерлердің бастамашылдығын арттыру «Мен Компанияға қажетпін» ұстанымын бекіту.

«Менеджмент жобасы» кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейіне ие талантты жастарды және жобаларды, жаңашылдық идеяларды іздестіруге бағытталған.

«Менеджмент жобасы» жастарды жобаларға сауатты түрде бастамашы болуға, жоспарлауға, жобаларды басқаруға және тұсаукесер жасауға үйретеді, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың жастар форумына дайындық әрі оны өткізу барысында өзін көрсетуге мүмкіндік береді.

«Менеджмент жобасы» - бағдарламасы Интернеттің «4i жүйесі» (Жаңашыл идеялардың ақпараттық инкубаторы) бірыңғай ақпараттық платформасында өткізіледі. Бұрын қолмен жасалғандардың барлығы – конкурсқа өтінімдерді жинау, сарапшылардың бағалауы үшін жобаларды жинау және т.б. – қазіргі кезеңде автоматтандырылған. Жобалар конкурсына қатысушылардың барлығы интерактивті құралдардың және жүйе аспаптарының көмегімен жасалады және осы жерде алдын ала бағалаудан өтеді.

«Болашақ басқарушылар» -жастар арасында сапалық тұрғыдан жаңа типті қызметкерлерді, көшбасшыларды, жаңа ментальды, прогрессивті ойлайтын, белсенді, дамуға ұмтылатын және кәсіби мансап бойынша өсуге ұмтылатын адамдарды қалыптастыру үшін қажетті жағдайларды құруға арналған жоба.

Жастардың өңірлік және республикалық форумдарын өткізу, тұсаукесер үшін озық жобаларды анықтау әрі қарай оларды енгізу – осы бағдарламаларды іске асыру механизмі болып табылады.

Астана қаласындағы республикалық жастар форумына қатысу үшін озық жобаларды жасаушылар мен белсенді қатысушылар іріктеліп алынады. Тренинг өткізу барысында Компанияның шамамен 7500 жас қызметкерлері аталған бағдарламалар бойынша тәжірибелі жаттықтырушыларда тренингтен өтті.

КВН «СВ» құрама командасы. Компанияда қоғамдық негіздерде құрылымдық бөлімшелердің және еншілес ұйымдардың қызметкерлері санатынан КВН «СВ» құрама командасы құрылды. Қазіргі сәтте команда өзін қазақстандық, сондай-ақ халықаралық деңгейде өзін көрсетті.

Орталық Азияда бірден-бір КВН ресми лигасы болып табылатын КВН «АМИК» халықаралық одағының өңіраралық Астана лигасында чемпион болу командаға халықаралық КВН аренасына шығуға мүмкіндік береді, одан басқа бұл оқиға Компанияның корпоративтік мәдениетінің дамуына, жұмысшы жастар арасында КВН қозғалысын, теміржолшы кәсібін әйгілеуге және Компания имиджін арттыруға жағдай жасады.

Команданың тарихынан.  Бастапқы кезеңде КВН командасында КВН олимпін алуға үміткер жиырма адам болды, бірақ уақыт өте келе энтузиазм азайды да, КВН рухына берік бірнеше адам қалды.

Қысқа уақыт ішінде команда жақсы көрсеткішке және келесілерге ие болды:

  1. XXI халықаралық КВН фестивалінде (Ресей, Сочи қаласы) КВН «АМИК» халықаралық одағының рейтингіне ие болды, фестивалға бүкіл кеңестен кейінгі кеңістіктің 700-ден астам КВН командасы қатысты;

  2. КВН «АМИК» халықаралық одағының өңіраралық Астана лигасында вице-чемпион боды, бұл жобаға қатысу командаға үлкен сценаға және КВН «АМИК» телевизиялық республикалық эфирге шығу үшін үлкен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді;

  3. Ақмола облысы әкімінің (Көкшетау қаласы) КВН фестивалінің «Үлкен көктемгі кубогының» иегері болды, фестиваль қазақстандық КВН командаларының арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді;

  4. «Ресей темір жолдары лигасы» конкурстық ойындарының (Ресей, Мәскеу) финалисі болды, Лига халықаралық КВН аренасында шығудың негізгі қағидаттарын анықтауға, халықаралық өзара қарым-қатынастарды орнатуға мүмкіндік берді;

  5. Орталық Қазақстан фестивалінің жеңімпазы, Орталық Қазақстан фестивалінің Гран-При иегері (Қарағанды қаласы) болды, ол команда дамуының тағы бір маңызды сатысы болды, қазақстандық командалар рейтингінің ең жақсы қатысушысы ретінде команда жұмысының нәтижелерін көрсетті;

  6. Орталық Азия (Қырғызстан, Ыстықкөл) жазғы кубогының ІІІ орнына ие болды, бұл халықаралық КВН фестивалінде команда жақсы ойын көрсетті, сол арқылы Орталық Азия КВН алаңшасына шықты да, өз рейтингін көтерді, халықаралық жобаларға ары қарай қатысуға үлкен импульс берді; Және де ең күшті үштікке кіре отырып, КВН - «СВ» командасы ірі кәсіпорын ретінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ имиджінің алға жылжуына мүмкіндік берді, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та тек жақсы жұмыс істеп ғана қоймай, сонымен бірге бос уақытты дұрыс пайдалана білетіндігін де, жастарға қамқор бола алатындығын және жас таланттарды бағалай білетіндігін көрсетті,

  7. Маңғыстау облысы әкімінің КВН жазғы кубогы фестивалінің (Ақтау қ.) ІІ орнына ие болды және «Ең үздік музыкалық қойылым» номинациясында жеңімпаз болды;

  8. «Хабар кубогы» (Алматы қ.) бойынша ІІІ орынға ие болды;

  9. «Қазақстанның ашық лигасының» (Алматы қ.) жартылай финалисі болды.

  10. КВН «АМИК» халықаралық одағының өңіраралық «Астана» лигасының чемпионы болды.

Компания басшылығының жан-жақты көмегі арқасында жастардың әрбір жобасы дамиды, теміржол саласында жас таланттарды ашады, олардың шығармашылық және кәсіби таланттарының ашылуына мүмкіндік береді.

Өз жұмысын 2010 жылы бастаған «Болашақ басқарушылар» бағдарламасының негізін құраған жас көшбасшыларға арналған тренингтік және білім беру бағдарламалары барған сайын күрделі әрі көлемді бола түсуде және тиісінше осы «Көшбасшылық және жобаларды басқару», «Уақыт және команда: үлкен компанияның маңызды ресурстары», «Тиімді коммуникация» және т.б. қауымдастығына қатысушылардың іштей өсуіне жағдай жасауда. Мұндай мықты дайындық өз эффектісін беруде. Жастар қазіргі уақытта өңірлік және республикалық форумдарға қатысуда, лауазымдары өсу үстінде, сонымен бір мезгілде жеке жобаларын дербес іске асыруда.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың және оның еншілес ұйымдарның Жастар саясаты бағдарламасын іске асыру шеңберінде Жастардың ІІ республикалық форумы кезінде «Zhastemir.kz» әлеуметтік корпоративтік желісі және «Goodrail.kz». интерактивті сайты іске қосылды.

Әлеуметтік желі еліміздің әртрлі өңірлерінде тұратын Компанияның жас қызметкерлері арасында тиімді коммуникацияны және жеке мүдделері бойынша қарым-қатынасты және кәсіби тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы желі каналдарын пайдалана отырып, олардың арасын бөліп тұрған зор қашықтыққа қарамастан, қатысушылар толғандыратын мәселелерді үзіліссіз талқылай алады.

Интерактивті сайт – Компанияда жүргізіліп жатқан жастар саясатына, қамқорлық іс-шараларына, спорттық шараларға жауап береді.

Интерактивті сайтта Галстукoff және т.б. - Компанияда туындайтын сұрақтар мен мақсаттар бойынша басшылардың бейне жолдаулары тәрізді жастардың әртүрлі жобалары іске қосылған. Сонымен бірге Компанияда жүргізіліп жатқан «Жас кәсіби маман», «Помним, гордимся, наследуем!», «Молодые профессионалы», «Молодая семья железнодорожников», «Взгляд молодых» тәрізді жастар конкурстары «Zhastemir.kz» әлеуметтік корпоративтік желісінде де жүргізіледі.

Компания жастарына арналған әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер.

Жас мамандарды тұрғын үймен (Компания қызметкерлеріне жеңілдікпен тұрғын үй сату, кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға үй беру, қызметтік тұрғын үй беру) қамтамасыз ету, Компания Президентінің білім гранттарын және атаулы стипендия беру, жастарды кәсіби оқыту, 3, 4, 5-сыныпты станцияларға, басып озу пункттеріне және разъездерге жұмысқа келген жас теміржолшы мамандарға жайғасуға 25 АЕК көлемінде материалдық көмек көрсету, алғашқы екі жыл ішінде 3, 4, 5-сыныпты станцияларға, басып озу пункттеріне және разъездерге жіберілген жас мамандардың тарифтік мөлшерлемелеріне (жалақыларына) 20 проценттік үстемеақы белгілеу, кадрларды желілік станцияларға және бөлу бекеттеріне бекіту үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету, бала тууына, бала асырап алуына байланысты екі есе ең кіші еңбекақы мөлшерінде, екі немесе одан көп бала туғанда әр бала үшін үш есе ең кіші еңбекақы мөлшерінде материалдық көмек көрсету арқылы Компания жастар мен қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуіне зор көңіл бөледі.

Жыл сайын «Жастар – теміржолдың болашағы» республикалық форумы өткізіледі, ол талантты жаңашыл инженерлерді ашады, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың кадрлық резервін перспективті жас қызметкерлермен толықтырады, біліктілігін арттыруға әрі бағдарламалық жобалардың жеңімпаздарына жоғары лауазымдарға көтерілуге мүмкіндік береді.

Форум шеңберінде вице-президенттердің, басқарушы директорлардың қатысуымен дөңгелек үстелдер өтеді, онда форумның әрбір қатысушысына Компанияның инновациялық – технологиялық стратегиясын толығырақ білуге, жаңа жобаларды жүзеге асыруға, инновациялық қызметті және көлік логистикасын дамытуға мүмкіндік береді.

Және де, форум шеңберінде жыл сайын «Жас кәсіби маман» жастар сыйлық ақысын салтанатты тапсыру өтеді, оның мақсаты Компанияның дамуына жан-жақты көмек көрсететін белсенді жастарды ынталандыру, өз саласында озат қызметкерлерді анықтау болып табылады.
Жас мамандарды инновациялық шығармашылыққа тарту үшін Компания көп жұмыс атқарды, бірақ одан да көп жұмыс атқаруға тура келеді.

Басты мақсат – Компанияны дамытуға қабілетті жауапты кәсіби мамандарды – XXI теміржолшыларының жаңа ұрпағын қалыптастыру.