Тұрғын үй саясаты

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай - «ҚТЖ» ҰК» АҚ) теміржол саласындағы кадр әлеуетін сақтап, салаға еңбеккерлердің ынтасын арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктерді орындайды. Оның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлеріне қолжетімді жекеменшік тұрғын үй алуына қолайлы жағдай жасайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті бекіткен тұрғын үй комиссиясы туралы Ережеге сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарында жұмыс топтары құрылған. Олар еңбеккерлердің тұрғын үйге қатысты өтініштерін алдын ала қарастырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ының тұрғын үй комиссиясына ұсыныс жібереді.

Орталық аппаратта тұрғын үйге және тұрмыс жағдайын жақсартуға мұқтаж жандардың есебін «ҚТЖ» ҰК» АҚ адами ресурстарды басқару департаменті  қызметкерлері, ал филиалдарда кадр қызметінің персоналы жүргізеді.

Бүгінгі күні «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтудың төрт жүйесі іске асырылып жатыр:

1. Қызметкерлерге тұрғын үйді беру төлемді 15 жылға бөліп төлеу жолымен жүзеге асады (баланстық құнынының 100% бағасымен). Қызметкерге тұрғын үйді жеке меншікке берудің бұл бағдарламасы 15 жылға бөліп төлеу қағидасымен жүзеге асады (бірдей бөліктермен, артық төлемсіз).

2. 2008 жылдың 1 сәуіріне дейін пайдалануға берілген Корпоративтік тұрғын үйді берудің жеңілдік шарттарын пайдалану арқылы (баланстық құнының 30% бағасымен) иеліктен шығару.

3. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен екітараптық ынтымақтастық шеңберінде ҚТЖ Компания топтарының қызметкерлеріне арнайы ипотекалық бағдарламасы бойынша 9-11% тұрғын үй алу.

4. 3, 4, 5 класстық стансаларада тұратын «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерге корпоративтік тұрғын үй беру. Еңбек қызметінің сипатын ескере отыра, қызметкерлер жұмыс орнының жанында өмір сүру қажет.

Тұрғын үйді бөлу ашық та әділ жүргізілу үшін  тұрғын үйге үміткерлер кезек тәртібі мен балдық жүйе бойынша іріктеледі (іріктеу тәртібімен  «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлеріне тұрғын үй бөлу және ақы төлеу мерзімін ұзарту және тұрғын үйге мұқтаж жандарды тіркеуге қою, тұрғын үйін кеңейту туралы Ережесінде толығырақ таныса аласыздар.

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тұрғын үй саясатын жүзеге асыру:

  • 2007 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлерді тұрғын үймен қамту мақсатында Астанада «Гранд Астана» тұрғын үй кешенінен 206 пәтер сатып алып, еңбеккерлерге бөлді. Пәтер бөлу тәртібі бөлінген пәтерге жеңілдікпен ақы төлеу (еңбеккердің қызмет өтіліне орай тұрғын үйдің баланстық құнының 10, 20, 30 пайыздық мөлшері деңгейінде) қарастырылды.
  • 2008 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Астанада «Краун Плаза» тұрғын үй кешенінен 80 пәтер сатып алып, еңбеккерлерге 15 жылдық бөліп төлеу қағидасымен (бірдей бөліктермен, артық төлемсіз) берілді. Алматы облысының Ақкөл ауданындағы Достық стансасында 30 корпоративтік тұрғын үй берілді.
  • 2009 жылы Алматы облысының Ақкөл ауданындағы Достық стансасында 12 корпоративтік тұрғын үй берілді.
  • 2011 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Республиканың жеті аймағынан 172 пәтер сатып алып, қызметкерлерге 15 жылға бөліп төлеу әдісімен (бірдей бөліктермен, артық төлемсіз) берілді.
  • 2011 жылы Астана қаласының әкімдігі 20 жылға берілетін тұрғын үйлерге квота беріп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің арасында бөліп берілді.
  • 2012 жылы Өзен-Түркменстанмен мемлекеттік шекарасындағы теміржол бойында 8 стансасында 102 үй салынып, 235 пәтер бөлініп берілді (Өзен стансасында-38 пәтерлі 1 үй, Болашақ стансасында 170 пәтерге 85 үй, Өзен-Болашақ жолы бойында 27 шаршы метрлі 16 үй). Оған қоса, Болашақ стансасында 50 орынды балаларға арналған мектепке дейінгі ұйым (балабақша), 80 оқушыға арналған орта білім беру мектебі, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, дүкендер, наубайхана, 50 орындық асхана салынды. Жетіген-Қорғас теміржол бойындағы 7 стансада 991 пәтерге 111 үй салынған. Оған қоса, 240 орынды балаларға арналған мектепке дейінгі ұйым (балабақша), 600 оқушыға арналған орта білім беру мектебі, 100 келіп кетуге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория, басқа жерден келген азаматтарға тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, 80 орындық асхана.
  • 2013 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Саранда» тұрғын үй кешенінде 882 пәтерді сатып алып, қызметкерлеріне бөліп берді. Қызметкерлерге пәтерлерді таратып беру 15 жылға бөліп төлеу қағидасымен жүзеге асты (бірдей бөліктермен, артық төлемсіз). Алматы облысының Достық стансасында 136 корпоративтік тұрғын үй және Атырау облысының Мақат стансасында 115 пәтер бөлініп берілді.
  • 2014 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Саранда» тұрғын үй кешенінде 221 пәтерді, «Айя» тұрғын үй кешенінде 12 пәтер және Астана қаласындағы Жеңіс даңғылында 29 пәтерді бөліп берді. Қызметкерлерге пәтерлерді таратып беру 15 жылға бөліп төлеу қағидасымен жүзеге асты (бірдей бөліктермен, артық төлемсіз).
  • 2016 жылы Нұркент ауылын дамыту бағдарламасы аясында 186 пәтерге 2 жатақхана салынып, АЭА БК корпоративтік тұрғын үй қолданысқа берілді.