Балаларға қамқорлық

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы темір жол жұмысшыларының балалары əке-шешелерінің жолын қуып, темір жол саласының дамуына елеулі үлес қосатынына сене отырып, жас ұрпаққа көп көңіл бөледі. «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ жыл сайын, жастардың арасында темір жол жұмысшыларының имиджін арттыруға бағытталған, балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырады.

Осындай іс-шаралардың бірі - Балаларды қорғау күні мерекесі аясында мерекелік қойылым мен ашық есіктер күнін ұйымдастыру. Сонымен қатар, жұмысшылардың балаларының қатысуымен «Балауса болашақ» балалар сурет байқауы, «Алтын қалам» өлеңдер мен əңгімелер, «Бала шаттығы Қазақстан темір жолы» сайыстарын өткізеді.

Оған қоса, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жыл сайын жаңа жыл қарсаңында іс-шаралар ұйымдастырып, сыйлықтар таратады.

Балалардың дамуы мен сауықтыруына көп назар аудара отырып, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ жұмыскерлерінің балаларын мектеп демалысы кезінде, оқудан бос уақытында балалар сауықтыру курсын өтіп, уақытын көңілді әрі қызықты өткізу үшін Қазақстан Республикасының балаларға арналған сауықтыру орталықтарына жолдамаларымен қамтамассыз етеді.

1400 ден астам Компания жұмысшыларының балалары 2010 жылдан 2014 жылдар аралығында алыс шет елдері Болгария, Түкия, Біріккен Араб Әмірлігі, Шри Ланка Республикасы мен Тайланд патшалығына барып оралды.