Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Зейнеткерлерге қамқорлық

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі - «ҚТЖ» ҰК» АҚ) және оның еншілес ұйымдарында 48 мың адам есепте тұр

2013 жылдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржолшы ардагерлерінің Орталық Кеңесі құрылды, сондай-ақ жол бөлімшелерінде теміржолшы-ардагерлердің өңірлік Кеңестері жұмыс істейді.

Келесілер Теміржолшы-ардагерлер кеңестері жұмысының басты бағыты болып табылады:

  • үйде немесе ауруханаларда ауырып жатқан және жалғызілікті зейнеткерлердің барып хал-жағдайын білу;
  • 70,80,90,100-жылдық айтулы даталармен мерейтой иелерін құттықтау;
  • Компанияның зейнеткерлеріне іс жүзінде көмек көрсету, консультациялық, түсініктеме беру жұмыстарын жүргізу;
  • жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсету. «ҚТЖ» ҰК» АҚ пен оның еңбек ұжымы арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған ұжымдық шарт жұмыс істемейтін зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі маңызды құжат болып табылады.

Келесілер «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың жұмыс істемейтін зейнеткерлерінің әлеуметтік пакетінің негізгі құраушылары болып табылады:

  •  жыл сайынғы тегін жол жүру;
  •  шипажайлық-курорттық сауықтыру;
  • тістерді протездеуді төлеу;
  • жерлеуге материалдық көмек көрсету;
  •  70, 80, 90, 100-жылдық мерейтой иелеріне біржолғы материалдық көмек көрсету.
  • әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді қарау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша материалдық көмек көрсету;
  •   «Көлік қызметкерлерінің күні», «Жеңіс күні» мерекелері бойынша материалдық көмек көрсету.

Компанияда жұмыс істейтін барлық жастар үшін еліктеуге лайықты үлгі болып табылатын - «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың саладағы аса тәжірибелі ардагерлерінен тұратын кеңесші органы – теміржол саласының дәстүрлерін сақтаушысы болып табылатын Консультативтік Кеңесі бар - жалғыз ұлттық компания.