Зейнеткерлерге қамқорлық

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы- (бұдан ары - «ҚТЖ» ҰК» АҚ) барлық еншілес қоғамдарды алғанда 48 мың жұмыс істемейтін зейнеткерлер есепке тіркелген, ал тек «ҚТЖ» ҰК» АҚ есебінде - 36 мың жұмыс істемейтін зейнеткерлер бар.

2013 жылдан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржолшылар ардагері Орталық Одағы құрылды, сонымен қатар жол бөлімшелерінде аймақтық теміржолшылар –ардагерлер Одағы жұмыс істейді

Теміржолшы – ардагерлер Одағының негізгі жұмыс бағыттары:

  • Жалғызбасты және сырқаттанған зейнеткерлердің үйіне және ауруханаға барып жағдайларымен танысу, қолдау;

  • Зейнеткерлерді заманауи құралдарымен жабдықтап, коммуникациялық қарым-қатынас жасауға оқыту және таныстыру;

  • Ұрпақтар сабақтастығын, еңбек династиясын жалғастыруды дамыту мәселелері бойынша шығармашылық конференциялар өткізу;

  • «Өлілерді және тірілерді есімізге сақтаймыз» кітабы үшін зейнеткерлерді еске алу және биографияларын жинауды ұйымдастыру;

  • Мерейлік даталар 70,80,90,100 – жылға толған зейнеткерлерді құттықтау;

  • Компания зейнеткерлеріне кеңес беру, түсіндірме және практикалық көмек беру;

  • Қайтыс болған зейнеткерді жерлеуді ұйымдастыру көмегін жүзеге асыру.

  • Жұмыс істемейтін зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Ұжымдық шарты маңызды құжат болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмыс істемейтін зейнеткерлерін қолдаудың негізін құрайтын әлеуметтік пакеті мыналар:

  • Жыл сайынғы тегін жол жүру;

  • Санаториялық-курорттық сауықтыру;

  • Темір жол көлігі ұйымынан жасы бойынша зейнетке шығуына байланысты жұмыс істемейтін зейнеткерлерге бір жолдық жәрдемақы;

  • Тісті протездеуге төлем жүргізу;

  • Жерлеуге материалдық көмек;

  • Мерейлі датаға 70,80,90,100 жасқа толғанға бір жолдық материалдық көмек;

  • Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді қарау бойынша комиссия шешімінің материалдық көмегі;

  • Мерекелер күндері «Көлік жұмысшылары күні», «Жеңіс күні» мейрамдауға материалдық көмек.


«ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамы – жалпы саланың көптеген тәжірибелі ардагерлерінен құралған, темір жол саласының салт дәстүрін сақтаушы –ардагерлер Кеңес ұйымы - Кеңес Одағы – бар дара ұлттық компания және сала болып табылады , Компанияда жұмыс жасайтын, бәрінен бұрын жастар үшін еліктеуге лайықты үлгі болады.