Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Әлеуметтік жауапкершілік

«Самұрық-Қазына» АҚ және оның компаниялар тобы қызметінің ел экономикасының бүкілін дамыту үшін стратегиялық мәні және көп адамның мүддесіне қатысы бар. 

Бұдан «Самұрық-Қазына» АҚ тобы қызметінде бірқатар маңызды қағидалар туындайды: қоғамның мүдделеріне ықылас білдіру, облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, оларда қолайлы іскерлік климатының құрылуына, лайықты еңбек жағдайларын, адамдардың әлеуметтік және рухани амандығын қолдауда толығымен көмектесу.

Осыған орай, компания өз бизнесінің тұрақты дамуын экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағына да жоғары көңіл бөліп, қамтамасыз етуге ұмтылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын бұлжытпай қолданады, соның ішінде: жаңа жұмыс орындарын құру, қызметкерлер үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, демеушілік пен қайырымдылық, экологиялық және білім акцияларын өткізу.

«Самұрық-Қазына» АҚ демеушілік пен қайырымдылық қызметі рухани және ұлттық құндылықтарды жандандыруға, мәдениетті, ғылым мен білімді қолдауға, ғылыми-техникалық озықтықты қолдауға, салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың қорғалмаған тобы мен табысы аз азаматтарға жәрдемдесуге, және спортты қолдауға бағытталған.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық көмек беру бойынша бірыңғай саясатын «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративті Қоры (info@sk-trust.kz) жүзеге асырады.

 «Samruk-Kazyna Trust» —  Қазақстан Республикасында әлеуметтік маңызды қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асыратын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниялар тобының аясындағы әлеуметтік жобаларды дамытатын қор.

«Samruk-Kazyna Trust» ҚР Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта келесі бағыттар бойынша қайырымдылық жобаларды іске асырады:

- Әлеуметтік және медициналық саладағы адамдар мен қоғамдастықтарға көмек беру;

- Медиа, мәдени қоғамдастықтарды және адам потенциалын дамыту;

- Еңбек және ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту, қоғамның тұрақты дамуына иневстициялау;

- Өңірлік және іскерлік бастамаларды қолдау.

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметімен толығырақ www.sk-trust.kz ресми сайтында таныса аласыз.

Пайдалы сілтемелер