Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Хабарландыру Корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі директорының бос әкімшілік лауазымына конкурстық іріктеу туралы

Хабарландыру

Корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі директорының бос әкімшілік лауазымына конкурстық іріктеу туралы

 

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6, 8 (7172) 935913 телефоны бойынша Корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі директорының бос әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қосылған үлгіге сәйкес түйіндемені (https://www.railways.kz/ru/social/vakansii) қабылдау HRM@railways.kz электрондық поштасы арқылы (ХАТТЫҢ ТАҚЫРЫБЫНДА ЛАУАЗЫМДЫ КӨРСЕТУ МАҢЫЗДЫ) 2019 жылғы 7 - 17 ақпан бойынша жүзеге асырылады.

Компания бос лауазымдарға үміткерлердің біліктілік талаптарына қатаң сәйкес келеді. Осыған байланысты білім беру және жұмыс тәжірибесі туралы нақты ақпаратты резюмеде көрсету қажет. Егер жалған ақпарат берілсе, Қоғам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес жұмыс берушіні еңбек шартын бұзу құқығын өзіне қалдырады (егер жұмыс берушіні түпнұсқалық құжаттарда өзге ақпарат болса, еңбек шартын жасасқан кезде жалған құжаттар немесе ақпарат беру).

 

Корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі директоры

Міндеттер:

1. Компания бизнесінің корпоративтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қызметтің негізгі стратегиялық бағыттарын әзірлеу әрі іске асыру жөніндегі процестер үшін жауап береді, Компанияда мемлекеттік және халықаралық стандарттарды енгізу және қолдау негізінде корпоративтік қауіпсіздік процестерінің жетілдірілуін қамтамасыз етеді. Корпоративтік қауіпсіздік және оларды іске асыру мәселелері бойынша Компанияның (әдіснамасын) жергілікті актілерін әзірлеуді, өзекті сипат беруді және енгізуді қамтамасыз етеді

2. Ішкі қауіпсіздік тәуекелдерінің кемуін қамтамасыз ететін негізгі және түзетуші іс-шараларды жоспарлайды әрі енгізеді, қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары, соның ішінде Компания объектілерінің лаңкестіктен қорғалуының жай-күйі туралы Компания басшылығына хабарлайды

3. Жылдық жұмыс жоспарының, экономикалық қауіпсіздік тәуекелдерін кеміту жөніндегі жоспардың және экономикалық қауіпсіздікті басқару жөніндегі ішкі құжаттардың Компанияның уәкілетті органдарымен бекітілу процестері үшін жауап береді

4. Шектеулі түрде пайдаланылатын ақпараттың қауіпсіздік жүйесін құру бойынша шаралардың іс-шаралар кешенінің іске асырылуы және деректердің жылыстауын болдырмау үшін жауап береді, ақпараттың әртүрімен, АТ-сервистермен, қорғаныс құралдарымен жұмыс істеу қағидасының сақталуына бақылау жасайды, АҚ бұзушылық фактілері бойынша тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етеді, АҚ бұзушылық фактілері бойынша оқыс оқиғалар туралы Компания басшылығына хабарлайды, деректерінің құпиялығын, толықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында АҚ қамтамасыз ету саласында әлемдік озық практиканы енгізеді

5. Жетекшілік жасалатын бағыт бойынша және тұтас алғанда Компания бойынша қызметің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында шығындарды, дебиторлық борышты кеміту, кірістілікті арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша әдіснаманың бекітілуін қамтамасыз етеді

6. Компанияның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен өзара әрекеттеседі. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және басқа мемлекеттік органдармен корпоративтік қауіпсіздік саласындағы құзыреттілігі шеңберінде өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді

Біліктілік талаптары:

1) Заң/экономикалық, корпоративтік қауіпсіздік, құқық қорғау қызметі саласындағы мамандандырылған жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) білім

2)   Басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – кем дегенде 7 жыл

 

Қосымша талаптар:

Міндетті:

·     Құқық қорғау және/немесе қарсы барлау қызметі саласындағы жұмыс тәжірибесі

·     Ірі өндірістік компаниялардағы корпоративтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жұмыс тәжірибесі

·     Операциялық тиімділікті құру, қайта құру және арттыру саласында масштабты трансформация жобаларын әзірлеу және іске асыру тәжірибесі

·     ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің, соның ішінде қылмыстық, қылмыстық-процессуальдық, азаматтық және салықтық құқықтар және жауапкершілік зонасы және орындалатын функциялар шеңберінде қызметте қолданылатын өзге құқықтар талаптарын білу

·     Алаяқтыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, күзет қызметі, лаңкестікпен күрес саласындағы ҚР нормативтік-құқықтық актілерін білу

·     Қазақ және орыс тілдерін білу

Қалаулы:

·     Магистр дәрежесінің болғаны

·     Мемлекеттік құпияларға және құпия ақпаратқа рұқсатының болуы

·     Ағылшын тілін білу

·     Теміржол көлігінің технологиялық процесін білу

 

 

Қажетті кәсіби құзыреттіліктер:

·     Компанияның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін заңнаманы білу

·     Корпоративтік қауіпсіздік жүйесін құру саласындағы білім және дағдылар

·     Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін және құралдарын білу, соның ішінде экономикалық, ішкі және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін білу

·     Корпоративтік қаржыландыру, бухгалтерлік есептілік, стратегиялық жоспарлау және болжаумен байланысты мәселелерді білу

·     Корпоративтік басқару қағидаттарын, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің негіздерін білу