Директорлар кеңесі Төрағасының үндеуі

МАМИН АСКАР УЗАКПАЕВИЧ
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма ТөрағасыПредседатель Совета директоров АО «НК «ҚТЖ»

Соңғы жылдары мемлекетпен жүргізіліп келе жатқан қазақстандық экономика құрылымын сапалы өзгерту, бизнес-климатты жақсарту жә-не инфрақұрылымды дамыту саясаты, әлемдік экономиканың қалпына келу аясында 2017 жылы елдің ЖІӨ төрт пайыздық өсімін қамтамасыз етті.

Өткен жылғы деңгейге қарағанда 4,8%-ға өскен көліктік-логистикалық сектор экономикалық өсімнің басты драйверлерінің бірі болды.

Көп жағдайда, бұл Қазақстанның көлік саласының жүйелі және теңдестірілген дамуының нәтижесі болып табылады, Қазақстан темір жолы өзінің бизнес моделінде логистикалық және тасымал активтерін, көліктің барлық түрлерінің терминалдық және магистралдық инфрақұрылымын біріктіретін саланың басты бөлімі болып табылады.

Нарыққа шолу
Әлемдік сауданың өсу қарқыны және ЖІӨ, %

2015-2016 жылдары байқалған әлемдік экономиканың өсу қарқынының баяулауынан кейін 2017 жылы оң үрдіс байқалды. Өз кезегінде, әлемдік сауданың жандануы Қазақстанның жүк нарығына оң әсерін тигізді.

Жүк тасымалдау нарығы

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі бойынша елдегі жалпы жүк айналымы 2017 жылға қарағанда өткен жылмен салыстырғанда 7,1% -ға ұлғайып, 556 млрд. ткм құрады.

2017 жылға қарай ең жоғары өсім құбыр көлігімен (+ 13%) және темір жол көлігімен (+ 9,6%) көрсетілген.

Жүк тасымалдау нарығы

Тасымалдау қатынастың барлық түрлері бойынша өсті: республикалық қатынас бойынша - 12,6%, экспорттық қатынас бойынша - 10,8%, импорттық қатынаж бойынша - 14,5%, транзит - 23% -ға өсті.

Жолаушылар тасымалдау нарығык

2017 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар айналымы 3% -ға өсіп, 272,8 млрд. км құрады.

Сонымен қатар, әуе көлігі 30% -ға 14,3 млрд. км дейін өсті. Теміржол арқылы жолаушылар айналымы 3,7% -ға 18 млрд. км дейін өсті. Жеке компаниялардың үлесі 13-тен 16% -ға дейін өсті. Автомобиль көлігі 2% -ға өсті.

негізгі көрсеткіштері

Жүк айналымы, млрд ткм

2017 жылы тарифтік жүк айналымы 206,3 млрд.т.-км құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 9,6% артық. Бұл өсім республикалық (көмір, темір руда-сы, металл сынықтары, құрылыс жүк-тері), экспорт (көмір, темір рудасы, хи-миялық заттар, тыңайтқыштар) және импорт (темір рудасы, тыңайтқыштар, құрылыс материалдары, цемент) тау-арларының тасымалдануының артуы-мен байланысты.

Жолаушылар айналымы, млрд пкм

2017 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар айналымы жоспар дең-гейінде болды және 15,1 млн жол-км құрады. Өткен жылғы деңгейден 8,1%-ға төмендеу. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ұйымдастырған әлеуметтік маңызды субсидияланған бағыттарды тасымал-дау бойынша ұйымдастырылған кон-курстың қорытындылары бойынша 2017 жылдың қаңтарынан бастап жеке тасымалдаушыларға пойыздардың 10 бағытын берумен байланысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2017 жылы халықара-лық тасымалдарда 2,2 млн. жолаушы тасыды, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 3,9% артық.

Транзиттік тасымалдар

Ұйымдастырылған поездардағы контейнерлік тасымалдауды дамыту транзиттік және муль-тимодальдық көліктік-логистикалық қызметтер сегментінің өсуін көздейтін «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнес-стратегиясының басты бағыты болып табылады.

2017 жылы ҚХР-ЕО бағытындағы тасымал-даулардың көлемі 2011 жылғы деңгейден шамамен 200 есе асты (бастапқы есептеу нүктесі) және 201 мың контейнерді құрады. Жалпы алғанда контейнерлік тасымалдардың көлемі 348 мың ЖФЭ құрады, бұл 2016 жылғы деңгейден 42%-ға көп. Бұл орайда Еуропадан Қытай бағытындағы кері жүктемесі 60% деңгейінде. 2017 жылы ҚХР-ЕО бағытындағы тасымалдаулардың көлемі 2011 жылғы деңгейден шамамен 200 есе асты және 201 мың контейнерді құрады. Жалпы алғанда контейнерлік тасымалдың көлемі 348 мың ЖФЭ құрады, бұл 2016 жылғы деңгейден 42%-ға көп. Бұл орайда Еуропадан Қытай бағытындағы кері жүктемесі 60% деңгейінде.

Ресей, Қытай-Орталық Азия және басқа бағыттар бойынша транзиттік контейнерлік тасымалдау көлемі 147 мың ЖФЭ құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 5% жоғары.

Қытай-Кавказ/Түркия (+Оңтүстік Еуропа) бағыты бойынша, 0,3 мың ЖФЭ тасымалданды, бұл 2016 жылға қарағанда 50% жоғары.

Қаржылық көрсеткіштер

Жалпы алғанда, 2017 жылға негізгі қызмет түрлерінен түсетін түсімдер 914,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 10,8% жоғары, бұл жүк тасымалдаудан түсетін кірістің 9,6% -ға артуымен байланысты.

Қаржылық көрсеткіштер

2017 жылға EBITDA 212 млрд. теңгені құрады, бұл негізгі қызметтен түсетін табыстың 10,8% өсуі есебінен 2016 жылғы көрсеткіштен 2,4% жоғары.

Финансовые показатели

2017 жылға операциялық пайда 101,8 млрд. теңгені құрады, бұл негізгі қызметтен түсетін кірістердің 10,8% -ға өсуі есебінен 2016 жылғы көрсеткіштен 18,9% -ға жоғары.

Негізгі қызметтен түскен табыс - 914,1 млрд. теңге