Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Жылжымалы құрамды жөндеу: сенімге жүгіну

Жылжымалы құрамды жөндеу: сенімге жүгіну

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры – Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директор Марат Шакеновтың төрағалығымен жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Шараға "ҚТЖ" ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары, жылжымалы құрам үшін қосалқы бөлшектер мен тораптарды жеткізу және өндіру жөніндегі кәсіпорындар, қазақстандық вагонжөндеу компанияларының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде М. Шакенов Компания үшін пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамаитамасыз ету әрдайым басымдықты болып қала беретіндігін жеткізді.

«Тасымал процесінің қауіпсіздігіне ықпал ететін ең басты факторлардың бірі, вагондардың техникалық жағдайы, олардың бөлшектері мен тораптарының сенімділігінде», - деп атап көрсетті М.Шакенов.

2018 жылы вагон кешені кәсіпорындарымен қозғалыс қауіпсіздігінің 87 бұзушылығына жол берілген. Олармен жүк вагондары үшін сапасыз жинақтық және қосалқы бөлшектерді жеткізу, вагонжөндеу кәсіпорындары техникалық жарақтануының жұпынылығы негізгі себептер болды.

     «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Ниязбек Жаңабаевтың айтуынша, теміржол инфрақұрылымына ықтимал қауіпті жылжымалы құрам жіберілмеуі үшін барлық шаралар қабылдануда. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Компанияның ревизорлық аппаратымен 413 жүк вагонының пайдалануы тоқтатылды.

Конференцияда жөндеу бағдарламасын орындау, жоспардан тыс жөндеуде жылжымалы құрамды ажырату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, жүк вагондары паркінің ағымдағы жағдайы туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Вагон шаруашылығы департаментінің директоры Елбек Төлеғұлов баяндап берді.

Вагон паркінің ірі операторы «Қазтеміртранс» АҚ болып табылады. Вагон паркінің техникалық және коммерциялық жағдайын жақсарту үшін жылжымалы құрамды жөндеуді сервистік қызмет көрсетуге беру жоспарлануда. Сервистік қызмет көрсету тәуекелдерді болдырмауға, вагон жөндеумен байланысты, оларды жоспарлы жөндеудің кепілдендірілген мерзімін сақтамаудан ажырату, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және т.б. мүмкіндік береді.

«Сервистік қызмет көрсетуде біз тек қана ұтамыз. Әрине, сервистік компанияға оңай соқпайды, алайда біз оның орнына ағымдағы және жоспарлы ажыратып жөндеу қаржысын береміз», - деді «Қазтеміртранс» АҚ бас директорының м.а. Дәурен Бимов.

Талқылау қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директоры вагонжөндеу кәсіпорындарының жаңа технологияларды игеруіне, арбалардың құйылған бөлшектеріне бұлжымас бақылау мониторингін жүргізу, теміржол өнімдерін өндірушілермен сенімді бөлшектер мен тораптар жеткізу, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі қызметтер сапасын арттыру қажеттігіне екпін берді.

«Тұрақты негізде вагон тексерушілері мен қабылдап алушыларымен жылжымалы құрамды ұстап тұру нормаларынан айтарлықтай алшақ кеткендікті анықтау, жылжымалы құрамды жөндеу бойынша слесарларды ыңталандыру мен ыңтасын ояту тәсілдерін пайдалану, вагонжөндеу кәсіпорындары мен пайдалану депосы қызметкерлерінің біліктілігі деңгейін арттыру жөніндегі шараларды қабылдау қажет», - деп атап көрсетті М.Шакенов.

Конференция шеңберінде «дөңгелек үстел» болып өтті. Өткізілген іс-шаралар қатысушылардың жұмыс тәжірибелерімен және білімдерімен алмасуға, әріптестік байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік берді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер