Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Жыл басынан ҚТЖ 111 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды

Жыл басынан ҚТЖ 111 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісімен ағымдағы жылдың мамырында жүкайналымы 18,3 млрд. тонна-километрді құраса, тиеу – 20,2 млн. тонна.

Тас көмірдің 6,8 млн. тоннасы тиелді (елдің ішінде – 4,6 млн. тоннадан астам), астық – 728 мың тоннадан астамы, соның ішінде экспорт 552 мың тонна.

Жыл басынан бері жүкайналымы 90 млрд. тонна-километрді құрады. Жүкайналымын пайдалану бойынша жоспар 103,2% орындалды.

Транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі 6,4 млн. тоннаны құрады, соның ішінде контейнерлер өткен жылдың сәйкес кезеңіненен 43% артып, 233 мың ЖФЭ жетті.

Қаңтар-мамырда жүк тиеу 100,5 млн. тоннаны құрады. Атап айтқанда, тас көмірдің 41 млн. тоннасы тиелді, соның ішінде экспортқа – 12,7 млн. тоннадан астамы жөнелтілсе, бұл ағымдағы жылғыдан 4,6% артық, ал астық 4,7 млн. тонна (+3,4%).

2019 жылдың 5 айында 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайдалану жұмысының бірқатар көрсеткіштері жақсарды. Осылайша, локотивтің өнімділігі 2,8%, локомотивтің орашатәуліктік жүрісі – 2,4%, жұмыс вагонының орташатәуліктік айналымының уақыты – 3,6% және вагонның орташатәуліктік өнімділігі – 5,1% артып отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер