Жыл басынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілерінде 7% артық жүк тиелді

Жыл басынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілерінде 7% артық жүк тиелді

Биылғы жыл басынан бері жеті айда жүк айналымы 8,3% артып, өткен жылмен салыстырғанда 125,9 млрд. тонно-км нетто құрады. Жыл басынан бері 144 млн. тонна жүк тиеліп, өткен жылмен салыстырғанда 7% өсті. Жүк тиеудің өсуі түсті металл (7,6%), құрылыс материалдары (21,5%), астық өнімдерін тиеу (45%) арқылы көтерілді.

Биылғы мамыр-шілде айларында екі миллион тоннадан астам көмір тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35 % жоғары көрсеткіш. Маусымда 850 мың тонна көмір тасымалданса, ол өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 74% жоғары көрсеткішті құрады.

Жыл басынан бері 6,3 миллион тонна астық тиелді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 45% жоғары көрсеткішті құрады. Оның ішінде экспортқа – 4,7 млн. тонна жіберілсе, ол 2017 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге жоғары болды. Қаңтар шілде айларында 1,9 млн. тонна ұн тиелсе,оның 1,4 млн. тоннасы экспортқа жіберілді. Импорт көлемі де 9,7 млн. тоннаға көтерілді. Теміржолдардың шекаралық түйісу бекеттерінде Қырғызстанмен (75%), Өзбекстанмен (10%), Қытаймен (3%), және Болашақ теміржол станциясында (12%) өскендігі байқалды.

Экспорттық бағдардағы жүк тасымалдау көлемі 46,5 миллион тоннаға жеткізілді. Ол өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5% жоғары көрсеткішті құрады. Шекаралық бекеттерде - Қытаймен (60%), Өзбекстанмен (33%), Түркіменстанмен арада екі есеге өсті. Ақтау теңіз порты арқылы жүк жөнелту көлемі 14% өсті.

Осы мерзімде Қазақстан аумағымен 2293 контейнерлік пойыз өткізілді. Олардың 897-сі Қытай-Еуропа бағдарына жөнелтілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге жоғары көрсеткіш. Кері қарайғы бағдарға 641 пойыз өткізілсе, ол 1,7 есеге өсті. Негізгі бағдар Ченду-Достық –Лодзь бағдарында өскен.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер