Жыл басынан бері бағалы жүктер контейнерлеріне алты мыңнан астам электронды құлып орнатылды

Жыл басынан бері бағалы жүктер контейнерлеріне алты мыңнан астам электронды құлып орнатылды

Жыл басынан бері алты мыңнан астам «Watchlock» электронды құлыптары бағалы жүктер тиелетін контейнерлерге орнатылды.

«Электронды құлып бағалы жүктерді алып жүретін бағдардың өн бойында нақты уақыт режімінде бақылауға мүмкіндік әпереді»,- дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының» директоры C. Төлебаев.

Оның айтуынша, «GPS құрылғыны қолдану арқылы құлыптың ашылған, ашылмағаны, бағдарды бақылау, жылдамдығы, жүк заңсыз ену мақсатындағы іс әрекеттер нақты мезгілде қадағаланады»

«Жүктің қалыпты жағдайы туралы ақпарат автоматты түрде «Әскерилендірілген күзет қызметі» АҚ диспетчерлік қызметіне хабарланады. Ол арқылы филиалдың күзет қызметі тәулік бойы тауарларға маниторингілік бақылау жүргізіп, филиалдың жұмысын үйлестіріп отырады»,-дейді С. Төлебаев.

«Әскерилендірілген күзет қызметі» АҚ әскерилендірілген күзет қызметі департаментінің директоры Т. Бекешевтің айтуынша, «электронды белгі беру байланыс қызметі ұрлануы мүмкін бағалы жүктерді дәстүрлі күзет қызметімен бірге қосымша жүргізіледі».

Электронды құлыптар Қазақстан аумағындағы ішкі бағдарларға тасымалдауға тиісті контейнерлерге ғана емес, Қытайдан Еуропаға, Азияға, Ресейге бағытталған транзиттік контейнерлік пойыздарға да қолданылады.

Мамырдың басында «Ресей темір жолдары» ААҚ мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ әскерилендірілген күзет қызметтерінің өкілдері өткізген бейнеконференцияда компанияның мердігерлік және қызмет көрсету компаниялары бірлескен «GPS құрылғылы электронды құлыпты транзиттік жүктерге ел аумағымен қатар көршілес мемлекеттердің аумағында орнату мен бақылау жасау жайының тиімділігіне арналды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі