Жаңажыл түнінде мыңдаған теміржолшылар жұмысқа шығады

Жаңажыл түнінде мыңдаған теміржолшылар  жұмысқа шығады

Бірнеше мың теміржолшы Жаңа жылды өз жұмыстарында қарсы алады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ диспетчерлері, станция, депо бойынша кезекшілер, машинистер мен олардың көмекшілері, жолшылар, жолсеріктер және ауысымдары 31 желтоқсаннан 1 қаңтар түніне түскен өзге қызметкерлер штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ 13 мың аса қызметкері, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 1500 қызметкері мереке түні пойыздардың кесте бойынша қозғалуын қамтамасыз етеді және мерекелік күндері жолаушыларға қызмет көрсетеді.

«Жаңажылдық түні кезеушілік ету мен үшін қалыпты іс. Маған осылайша талай рет жұмыс істеуге тура келген және сондықтан жаңажылдық кезекшілік пен жай күндердегі жұмыстың арасында ешқандай айырмашылықті көріп отырғаным жоқ. Пойыздар сол баяғыша жүреді, адамдар да баяғыша жұмыс істейді. Тек сәл жауапкершілікті, сәл шыдамды, сәл ықыласты болу керек», - пойыз диспетчері Рүстем Қиқымов.

«Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жылды солай өткізесің деген сенім бар. Отбасым менің жұмысыма түсіністікпен қарайды. 1 қаңтарда таңертенгісін көңіл қошымен үйімізге ораламыз. Айналаң тыныштық, көшемен келе жатасын. Жаңажылдық түннен кейін қала тұрғындары демалып жатады», - дейді жаңажылдың алғашқы күніндегі әсерді еске алған Ақмола жол бөлімшесі бойынша кезекші Асан Оспанов.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ дәстүрлі түрде жолаушылардың мерекелік көңіл-күйлерін көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Теміржол вокзалдарында дауыс зорайтқышы арқылы құттықтаулар естіліп жатады. Пойыздарда осы жылды жолда шығарып салғысы келгендердің атына құттықтаулар айтылатын болады. 31 желтоқсанда пойыздармен сапарға 50 мың адам шығады.

Теміржолшылар күрделі қыстық жағдайда пойыздардың үздіксіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер