Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Жаңа теміржол желілері Орталық-Азия өңірі елдерін дамытуды қамтамасыз етеді

Жаңа теміржол желілері Орталық-Азия өңірі елдерін дамытуды қамтамасыз етеді

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Компания Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев бастаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Анкара қаласында Орталық-Азия теміржол саммитіне қатысты.

Қазақстан, Түркия, Иран, Өзбекстан, Түркменстан теміржол әкімшіліктерінің басшылары Қытайдан контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру, жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Орталық Азия елдерін байланыстыратын жаңа желілер әлеуетін барынша жүзеге асырудың маңызы атап өтілді.

Саммитке қатысушылар Қытайдан Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Иран арқылы Түркия бағытында контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру кезінде қолданылатын бірыңғай тарифтерді бекітті.

Саммитте сонымен қатар фитингтік платформаларды өзара пайдалану, жеткізу мерзімін қысқарту және тасымалдау тиімділігін арттыру мақсатында олардың айналымын жеделдету мәселелері қаралды.

Жаңа теміржол желілері өз жүктерін жеткізу үшін теміржол көлігін таңдаған клиенттерге қосымша мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер