Қырқыншы станцияда пойыздарды күту пункті ашылды

Қырқыншы станцияда пойыздарды күту пункті ашылды

WhatsApp Image 2018-12-06 at 15.48.02.jpegҚырқыншы станцияда «Астана - Қарағанды», «Ерментау - Көкшетау» элекропойыздарын, №328 жолаушы пойызын күту үшін пунк жұмыс істеуде.

Бұған дейін жолаушылар пойызды ашықаспан астында немесе станция әкімшілігінің ғимаратында күтетін. Пункте ыңғайлы орындықтар орнатылып, дауыс зорайтқыш жұмыс істеп тұр.

«Біз пункті өз күшімізбен жабдықтадық. Ғимаратымыздың бірінші қабатында тауарлық кассирлер жүкжөнелтушілермен жұмыс істейді. Осы жерде өз пойыздарын күткен жолаушылар мен жүгін жөнелтуге құжаттар рәсімдеп жүрген клиенттер болған кезде бұл процесс күрделене түскен еді. Сондықтан да біз осындай шағын күту залын аштық», деді станция басшысы Дастан Онбеспаев.

«Бұл өте ыңғайлы. Пойызға, әдеттегідей, 20-30 минут ерте келесін. Енді кез келген қолайсыз ауа райында осында күтуге болады. Адамдарға осындай қамқорлық таңытқан біздің теміржолшыларға рахмет», - деп ағынан жарылды жолаушы Қуат Майкенов.

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер