Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Құрық портында түбін тереңдету жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды




21-11-2024

 Құрық портында түбін тереңдету жұмыстары рекордтық мерзімде жүргізілді. Қазіргі уақытта су айдынының  және порттың кіреберіс каналында тереңдік 7-ден 8 метрге дейін, бұл портта өңделетін кемелердің өтпелі батуын ұлғайтуға және олардың толық тиелуінеқол жеткізуге мүмкіндік береді. 4 ай ішінде "Jan De Nul Kazakhstan" ЖШС бас мердігері Каспий теңізіндегі ең қуатты "Vesalius" жер снарядының көмегімен барлық қажетті жұмыстарды жүргізді. Алынған топырақтың көлемі 990 000 текше метрден асты.

Жұмыстарға "Jan De Nul Kazakhstan" ЖШС компаниясының төрт кемесі, қазақстандық мердігерлердің буксирлері мен техникасы, отандық жобалау және сюрвейерлік компаниялар тартылды. 50-ден астам жұмыс орны құрылды. 

Тереңдету жұмыстары порттың терминалдық қуатын одан әрі арттыруға жағдай жасады. Аталған жұмыстар Транскаспий халықаралық көлік бағдарындамыту шеңберінде қабылданатын кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады және осы маршрутта жүктерді тасымалдау бойынша өсіп келе жатқан қажеттіліктерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 


Анықтама үшін: Құрық портының жобалық қуаты жылына 6 млн тоннаны құрайды, оның ішінде 4,1 млн тоннасы - темір жол тасымалы және 1,9 млн тоннасы - автокөлік құралдары тасымалы. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі