«ҚТЖ»ҰК»АҚ: Өрт-техникалық жаттығу сабағы - эвакуациялау жоғары деңгейде қамтамасыз етілді

«ҚТЖ»ҰК»АҚ: Өрт-техникалық жаттығу сабағы - эвакуациялау жоғары деңгейде қамтамасыз етілді

ktzh-01.jpg2018 жылдың 8 шілдесінде «ҚТЖ» ҰК»АҚ әкімшілік ғимаратында өрт-техникаалық жаттығу өтіп, ададмдарды экакуациялау жүзеге асырылды.

«Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен бірге өқу-жаттығу өткіздік. Мақсат - қызметкерлеріміздің төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дайындығын тексеру», – дейді «ҚТЖ» ҰК»АҚ бас инженері Батыр Қотырев.

Б.Котырев хабарлағандай, тактика бойынша бойынша, электр желісінің қысқа тұйықталуынан ғимараттың екінші қабатынан шартты түрде өрт шығады.

Өрт жайлы диспетчерге автоматты түрде сигнал келіп түседі. Өрт шыққан учаске тоқтан ажыратылып, жедел саты бірінші қабатқа түсіріледі. Хабарлау жүйесі бойынша ғимараттан адамдарды шығару туралы ақпарат беріледі. Өрт және қауіпсіздік қызметкерлері Төтенше көшіру жоспарына сәйкес адамдарды кабинеттен түтін жоқ баспалдақ торы арқылы қауіпсіз шығарылуын қамтамасыз етеді.        

Бұл шұғыл шаралар ғимараттан адамдардың қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде шығуын қамтамасыз етіп, артық айғай-шудың туындауына жол бермеді.

Б.Котыревтің айтуынша, «ҚТЖ»ҰК»АҚ құрылымдық бөлімшелері мен қауіпсіздік қызметі, өрт және кезекші қызметтерінің бірлескен жұмысы мен дайындық деңгейі оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жоғары аталып өтті.

«Компанияда өрт қауіпсіздігін сақтап, ғимараттарды өрттен қорғауға жоғары деңгейін көңіл бөлініп келеді. Қызметкерлер кез келген күрделі жағдайда ұйымдасқан, сауатты және шұғыл әрекет етуге дағдыланғанын көрсетті. Барлық құрылымдық бөлімшелерде өртке қарсы шаралар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады», – деді Б.Котырев.

Айта кетейік, ҚТЖ»ҰК»АҚ-ның барлық нысандарында өрт-профилактикалық жаттығу сабақтары өтуде. Өрт сөндіру құралдарының күтімі мен қызметіне, өрт сөндіру пойыздары мен автоцистерналар дайындығына ерекше көңіл бөлініп отыр. Қызметкерлер өрт-техникалық сауаттылығы бойынша тапсыруда.

Биылғы жылдың өзінде «ҚТЖ»ҰК»АҚ құрылымдық бөлімшелерінде 100-ден астам жаттығулар өтті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ Баспасөз қызметі

ktzh-02.jpeg