Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ ғимаратында МТК 524 отырысы болып өтті

ҚТЖ ғимаратында МТК 524 отырысы болып өтті

2019 жылдың 23 мамырында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратында «Теміржол көлігі» МТК 524 Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің қорытынды отырысы болып өтті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев атап кеткендей, теміржол көлігіндегі стандарттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше рөл бөлінген, сондықтан да Компания техникалық регламенттерге мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуге белсенді қатысуда.

Отырыс жұмысына Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Украина теміржол әкімшіліктерінің, сондай-ақ салалық институттар өкілдері қатысты.

Комитеттің мүше-мемлекеттерінің уәкілетті өкілдері стандарттау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар ете кетті.

МТК 524 Төрағасы Валентин Гапанович 2018 жылға арналған мемлекетаралық стандарттау қорын жаңарту және жетілдіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілгендігін ортаға салды.

Кездесуде 2018 жылдағы МТК 524 жұмысының қорытындысы шығарылып, МТК жұмысының жоспарын өзектендіру қажеттігі атап өтіліп, қысқамерзімдік стратегиялық міндеттер айқындалды.

2018 жылы теміржол көлігі саласында 25 мемлекетаралық стандарт әзірленді. 2019 жылғы МТК 524 жұмыс жоспарына 135 ауыспалы және 16 жаңа тақырып енгізіліп отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Бас инженері – Басқарушы директоры Батыр Котырев ТК 40 «Теміржол көлігі» Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің жұмысы туралы айтып берді. 2018 жылдың қазанында жаңадан қабылданған «Стандарттау туралы» ҚР Заңының талаптары шеңберіндегі жұмыстың перспективасы туралы «ҚазИнСт» РМК Бас директорының орынбасары Еркежан Әмірханова баяндап берді.

Отырыс қатысушылары МТК 524 жұмысы шеңберінде ұзақмерзімді стандарттаудың перспективті бағдарламасын әзірлеу туралы ұсынысты талқылады және бірауыздан қолдады.

Іс-шара шеңберінде 2018 жылы стандарттау жөніндегі жұмыстарға айтарлықтай белсенді қатысқандарды марапаттау орын алды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер