Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ жоспардан тыс 1000 аса теміржол өткелі тексерілді

ҚТЖ жоспардан тыс 1000 аса теміржол өткелі тексерілді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі «Абайлаңыз, өткел!» айлығы аяқталды.

Ай бойы теміржолшылар жергілікті атқарушы билік, ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесе өткелдердің жай-күйін тексерді.

Барлығы 1053 теміржол өткелі жоспардан тыс қаралса, соның ішінде 469 күзетіледі және 584 күзет қойылмаған. Бұл ретте инертті материалдың, төсеніштің, автошлагбаумның, тосқауыл құрылғының болуы, байланыс құралының жағдайының, жарықтың, қуат көзінің, дыбыстық дабылдың оңдылығына ерекше назар салынды.

Алдын алу акциясы шеңберінде өткелдер бойынша кезекшілердің лауазымдық міндеттері мен ереже талаптарын сақтауына кенеттен түңгі тексерулер ұйымдастырылды. Олармен техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау бойынша қосымша практикалық және теориялық оқытулар жүргізілді.

Айлық барысында автомобилистермен үлкен түсініктеме жұмыстары жүргізілді, өйткені өткелдердегі жол-көлік оқиғалары автомобилшілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауынан, олардың тыйым салатын дабылдарды елемеуінен орын алады.

Барлығы 200 рейд жүргізілсе, соның барысында өткелдерден өту ережесін бұзуы бойынша 10 астам әкімшіліктік хаттамалар толтырылды.

Теміржол инфрақұрылымын кесіп өту ережесі бойынша ақпаратпен шамамен 15 мыңдай адам танысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер