Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«ҚТЖ» жұмысқа тұрғызғаны үшін пара алуды жоюға ниетті

«ҚТЖ» жұмысқа тұрғызғаны үшін пара алуды жоюға ниетті

Ұлттық тасымалдаушы персоналды ашық жалдау жөніндегі жаңа жобаны ендіруде. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ алаңында өткен брифинг барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Әбденов мәлім етті. Оның айтуынша, қызметкерлерді орталықтандырып іріктеуді қамтитын жұмысқа орналастырудың жаңа схемасы өңірлік басшылардың ізденушілерді қызметке тартып және сол үшін ақша алу мүмкіндігін болдырмайды.

Персоналды ашық жалдау жөніндегі жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Компанияның барлық бос орындары жалпығақолжетімді Head Hunter, Nur. Kz Жұмыс және Samruk Qyzmet интернет-платформаларында жарияланады. Үміткер өзінің өтінішін бос жұмыс орынына бағыттауы тиіс. Алғашқы сұхбаттан кейін ол тестілеуге жіберіледі. Іріктеудің барлық кезендерінен өткен үміткерлердің қысқаша тізімі өңірлердегі кадрлық қызметтер ұйымдастырған конкурстық комиссияға тапсырылады. Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және жұмысқа қабылдауды рәсімдеу «ҚТЖ» ҰК» АҚ Кадрлық әкімшілік департаменті жанындағы Көпфункциональды қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады.  

«Біз сыбайлас жемқорлық қаупінің туындауына ықпал ететін барлық негізгі факторларды талдадық. Соның бірі – бос орындар туралы ақпараттың қолжетімсіздігі. Бос жұмыс орындары туралы мәліметтерге ие болмағандықтан, жұмысқа орналасуға ниеттілер түрлі арналарды іздеген. Қазір Компанияда кадр саласында сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған толыққанды кешенді антикризистік шаралар қабылданды», - деді С. Әбденов.

Спикер атап өткендей, жаңа жүйе бойынша мамандықтары бойынша 656 адам жұмысқа орналастырылды, соның 371 үміткері сырттан қабылданғандар және 285-і – ішкі.

Компанияның кадрлық блогы заңбұзушылықтың нақты себеп-салдарларын жою тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Брифинг барысында өңірлердегі кадрлық шешімдер кезінде ашық емес, күдікті іс-әрекеттер туралы фактілерге, егер бұл жайындағы хабар әлеуметтік желі немесе coll-орталық арқылы орталық аппаратқа түскен болса, онда Компания басшылығы міндетті түрде шара қабылдайтындығы атап өтілді.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өкілдерінің сөзіне қарағанда, соңғы екі жылда теміржол тасымалы саласында соның басым бөлігі парамен байланысты 65 сыбайлас жемқорлықтық іс-әрекет анықталып отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер