Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ «Жас үздік маман» байқауының қорытындысын шығарды

ҚТЖ «Жас үздік маман» байқауының қорытындысын шығарды

Нұр – Сұлтанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ үздік жас қызметкерлері – финалға 15 жүлдегер шыққан «Жас үздік маман» байқауының қорытындысы шықты. Байқау жастар жылы шеңберінде бастама алды. Оны өткізудегі басты мақсат жұмысшы мамандықтары беделін көтеру, еңбек өнімділігін арттыру және жас қызметкерлерді ыңталандыру. Ағымдағы жылы байқауға теміржол саласының 5 бұқаралық жұмысшы мамандығы жас өкілдері қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды – өңірлік және республикалық. Әрбір кезен теориялық және практикалық міндеттерді қамтыды. Ағымдағы жылдың тамызында өткен өңірлік деңгейдегі сайысқа 300 жас қызметкер тіркелсе, финалға 46 қатысушы ғана жете алды.

«Барлық өңірден 300 қатысушы, финалистер 46, әр мамандықта 5 үздік, 5 екінші және 5 үшінші орын. Қорытындысы – теміржол мамандығының әрқайсысынан 15 үздік. Бұл байқау – сіздердің барлығыңыз үшін керемет мүмкіндік. Болашаққа есік ашудың мүмкіндігі», - деп жеңімпаздарды құттықтады «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев.

ZHA_3389 [Почта].JPG«Теміржол саласы өзінің әулеттерімен әйгілі және сондықтан да байқау шеңберінде бізге теміржол мамандығы айтарлықтай беделді және тартымды болғаны керек. Сонымен қатар осындай байқаулар сіздердің өз мамандықтарыңызды мақтан тұту үшін өткізіледі», - деп атап көрсетті «ҚТЖ» ҰК» АҚ HR жөніндегі директоры Тамила Микулич.

«ҚТЖ жастарында жоғары әлеует, ең бастысы оларға бұл жұмыстары ұнайды. Байқауда осыншама қатысушылар санының болуы, оларға жұмыс істеген қызғылықты екендігін білдіреді, жұмыс істегісі де және оқығысы да келеді», - әділқазылар мүшесі «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ бас инженері Иван Костыря.

ZHA_3402 [Почта].jpg«Мен бірінші орыннан көрінгеніме қуаныштымын. ҚТЖ басшылығына өзің көрсетуге осындай мүмкіндік жасағанына алғысымды білдіргім келеді. Барлық балалар күшті болды», - деді жеңімпаздардың бірі Маңғышлақ жолаушылар вагонының жолсерігі Олжас Дәулетов.

ZHA_3449 [Почта].jpg«13 жылдан бері темір жолда жұмыс істеп келемін, ал 2014 жылдан –машинистпін. Осындай байқауға бірінші рет қатысып отырмын. Жұмысыма қатысты сұрақтар көп болды. Соның барлығына жауап бердім. Емтиханды жоғары деңгейдегі басшылық қабылдағандықтан, біз сәл қобалжып қалдық, бірақ артынан үйренісіп кеттік», - дейді өзі туралы сыр шерткен Есіл локомотив пайдалану депосының айналма тепловоз машинисі Владимир Гейгер.

Барлық финалистер грамоталармен марапатталса, жеңімпаздар – құнды сый-сияпаттарға ие болды.

Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»

Пайдалы сілтемелер