Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ жас өнертапқыштары еліміздің белді оқу орынында шыңдалуда

ҚТЖ жас өнертапқыштары еліміздің белді оқу орынында шыңдалуда

Еліміздің әр өңірінен келген «ҚТЖ» ҰК» АҚ жас қызметкерлері – Компания жастарының республикалық IX форумы жоба-жеңімпаздарының авторлары Нұр – Сұлтан қаласындағы білім беру семинарларына қатысты.

Семинарлар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Назарбаев Университет» АҚ арасында ыңтымақтастық туралы меморандум шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлері – жол учаскесі басшысының орынбасары-жол шебері Асхат Райымқұлов пен жол бөлімшесінің жетекші инженері Дәулетбек Жолдасбеков, Семей магистарлдық желі бөлімшесі өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Ерік Белгібаев және өзге де қатысушылар Назарбаев Университеті мамандарының жаңашыл идеялар, инновациялық жобалар бойынша ақыл-кеңестерін алды.

Бұл орайда NXplorers + networking семинарында жобаларды басқару негіздері талқыланды. Инновациялық жобалардың инвестициялық стратегиясы мен тиімді презентациясы, бизнес-жоспарлау мәселелері қаралды.

Жамбыл бөлімшесі магистралдық желісінің жол диспетчері Ұлан Жүндібаев пен Қостанай бөлімшесі магистралдық желісінің жол бригадирі Рүстем Ғапбасов өз жобаларының прототипі бойынша тренингке қатысты.

Жобалау процестері (бұйымға технологиялық процесті даярлау, жүктемені есептеу, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу, эскиз бойынша сызбаларды цифрлау) пысықталды. Қатысушыларға конструкциялар мен тетіктерді, бөлшектерді әзірлеу, тақталар мен құрылғылар, электрондық схемаларды әзірлеуде көмек көрсетілді.

ҚТЖ оқытудың заманауи қадамдарын пайдалана отырып жас қызметкерлердің инженерлік әлеуетін дамытуға көп көңіл бөліп келеді. Еліміздегі білім берудің алдынғы қатарлы оқыту мекемесімен өзараыңтымақтастық Компанияның кадрлық саясатын жүзеге асыру, жас теміржолшылардың кәсібилігін арттыру үшін қосымша серпін береді.

Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ 52 мың жас қызметкер жұмыс істесе, бұл Компания еңбек ұжымы санының 39% құрайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер