Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ «Виртуалды көрме» пилоттық жобасы бастау алды

ҚТЖ «Виртуалды көрме» пилоттық жобасы бастау алды

Жоба Компания Техникалық орталығы бастамасы бойынша жүзеге асырылуда. «Виртуальды көрме» ҚТЖ және оның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары қызметкерлеріне жұмыс орынында тікелей белгілі бір тақырыптағы толықмәтінді ақпараттық материалдарды (кітаптарды, журналдарды, тақырыптық жинақтарды, сараптамалық шолуларды) пайдалануға мүмкіндік береді.

Көрменің бірінші тақырыбы – «Көліктегі логистика». Адрестік сілтеме тізімінде - KTZ Express қызметкерлері, интеграцияланған тасымалдарды жоспарлау, маркетинг және транзиттік саясат, логистиканы дамыту бағдарламасын үйлестіру мәселелерімен айналысатын мамандар мен басшылар.

Өңірлік деңгейде логистика бойынша жүк тасымалы бөлімшелерінің басшылары алушылар болып табылады.

«Виртуалды көрме» пайдаланушысы алынған материалды кері байланыс функционалы арқылы «қанағаттанарлық», «жақсы» және «өте жақсы» деп бағалай алады.

«Келесі «Виртуалды көрме» теміржол көлігін цифрландыру мәселелеріне арналады», - дейді Техникалық орталықтың ғылыми-техника және саралау мәселелері жөніндегі бас менеджері Н.Смольянова.

Болашақта – айына екі рет ұйымдастырылатын осындай көрмелер Компания қызметінің барлық бағытын қамтыса, бұл білімді басқаруда қолайлы орта құруды қамтамасыз ететін болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер