Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ теміржол станцияларының үздік басшыларын анықтады

ҚТЖ теміржол станцияларының үздік басшыларын анықтады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол станциясы басшыларының арасында 2018 жылға салалық байқаудың қорытындысын шығарды.

«Темір жол станциясының үздік бастығы» құрметті атағына Компанияның 30 қызметкері лайық деп танылды. Олардың арасында Ақмола жол бөлімшесі Атбасар станциясының бастығы Серік Қайниденов, Қостанай жол бөлімшесі Майлин станциясының бастығы Серік Шүйінов, Балқаш станциясы Аманжол Омаров, Зыряновск станциясы Жарас Мұхмедұлы, Семей жол бөлімшесі Шаған станциясының бастығы Айдос Тоқтаров, Қызылорда жол бөлімшесі Белкөл станциясының бастығы Мақсат Жүсіп және өзгелері.

Марапатталғандардың арасында әйелдер – Красноармейка станциясының бастығы Жанна Сүлейменова мен Тишинская станциясының бастығы Олеся Николаева да бар. Олар өздерінің оңай емес міндеттерін мүлтіксіз орындап келеді және кәсібилік жағынан кейбіреулерге үлгі де.

Олеся Николаева лауазымдық сатының барлық деңгейінен өтті. Өзінің шойын жолдағы жұмысын ол Тишинская вокзалында жүктер мен қолжүктерін қабылдапөткізуші, тауар кассирі және аға тауар кассирі қызметінен бастады. Темір жолда жұмыс істеп келе жатқанына 10 жыл болыпты.

Жанна Сүлейменова өзінің жұмыс жолын станция бойынша кезекшіліктен бастады. Станцияны төртінші жыл басқарып келеді.

Станция бастығы жылы шеңберінде «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ жариялаған салалық байқау 800 астам қатысушы арасында жүргізілді.

«Байқау қауіпсіздік мәдениетін дамыту, еңбек пен технологиялық тәртіпті нығайту, станция басшыларының кәсібилігі мен жауапкершілігін, статусын арттыру мақсатында өткізіліп отыр», деп атап көрсетті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас инженері Иван Костыря.

«Темір жол станциясының үздік бастығы» атағы қаржылық және кадрлық жұмысты, өндірістік-шаруашылықтың жоғары нәтижелігіне қол жеткізгені, тасымалданатын жүктердің сақталуына, еңбекті қорғау және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін беріледі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер