Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ темір жолдарды цифрландыру жөніндегі көрме ашылды

ҚТЖ темір жолдарды цифрландыру жөніндегі көрме ашылды

2019 жылдың 22 мамырында «ҚТЖ» ҰК» АҚ ғимаратында темір жолдарды цифрландыруға арналған көрме ашылды.

Көрмеде теміржол саласында цифрлық технологияларды енгізу жобалары көрсетілді. Шетелдік және отандық теміржол өнімін өндірушілер өз әзірлемелерін ұсынды. Солардың қатарында «Hytera» ЖШС, «Huawei» ЖШС, «Информтехника и связь» ЖАҚ, «БТ Сигнал» ЖШС, «Беларусь темір жолдары» МБ конструкторлық-сынама орталығы, «Искраком» ЖШС, «НИИАС» ААҚ, «GE Transportation», «Транстелеком», «Көлік проблемаларының кешенді ғылыми-зерттеу орталығы», «Alstom» ЖШС, «Трастелесофт» ЖШҚ, «КазцентрЭлектроПровод» ЖШС, «ЛокоТех» ЖШҚ және өзгелері бар.

«Көрменің негізгі мақсаты – теміржол көлігі саласындағы инновациялық шешімдерді ұсынатын компаниялар мен «Қазақстан темір жолы» өзараықпалдастық үшін алаң құру», деп атап көрсетті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов.

Қ.Әлмағамбетов «көрменің нәтижесі темір жолдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған нақты болашағы бар шешімдер болатындығына» сенім білдірді.

Көрме шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев Ресей және Белрусь теміржол әкімшіліктері, теміржол өнімдерін өндірушілер мен әзірлеушілер өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер