Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ өкілдері, Қазақстан және шетелдік кәсіподақтар еңбек қатынасы мәселелерін талқылады

ҚТЖ өкілдері, Қазақстан және шетелдік кәсіподақтар еңбек қатынасы мәселелерін талқылады

Ағымдағы жылдың 4-5 маусымында Алматыда «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ, Эстония, Украина, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Грузия теміржолшылары кәсіподақтары, Халықаралық теміржолшылар кәсіподақтары конфедерациясы (ХТКК), Халықаралық еңбек ұйымы өкілдерінің қатысуымен халықаралық «Лайықты еңбек және еңбек саласының болашағы» ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Жалдамалы жұмысшылар тарапынан кәсіподақтар, жұмыс берушілер және үкімет өкілдері теңдей құқықпен қатысқан шара Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына орайластырылған. Ұйым еңбек қатынастары саласында әлеуметтік әділеттілік принциптерін нығайтуға үлкен үлес қосып келеді.

Еңбек қатынасының негізқалаушы принциптерінің бірі әрбір жұмысшыға лайықты жалақы төлеу болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарында жыл сайынғы еңбек демалысын есептеу мен ақы төлеу, жалақысын беру ұжымдық келісім-шартта көрсетілгендей, дер кезінде және кешіктірілмей жүзеге асырылады», - деп атап көрсетті   «Қазақстанның теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі салалық кәсіби одағы» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев.

Компаниядағы кадрлар таңдау мен іздеу процесінің ашықтығы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы HR жөніндегі басқарушы директоры (персоналды басқару жөніндегі директор) Тамила Микулич айтып берді.

«Біз үш өңірде 188 бос орынға кадрларды іздеу жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Екі сайтта (Rabota.Nur.kz и hh.kz) жарнама жарияланды және 2 мың өтініш қабылданды. Әрбір үміткер онлай арқылы өз өтінішінің жылжуы кезеңін: түйіндемесі қаралғандығын, тесттен өткендігін немесе қандай ескертпелер барлығын көріп отырады», - деп атап көрсетті Т.Микулич.

Кадрлық мәселелерді шешуде кәсіподақтың пікірі ескеріледі. Компанияда өндірістік қызметкерлер 92,5% құраса, бұл ретте кәсіподақ мүшелері - 97%.

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін ең басты құжат «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы Ұжымдық келісім-шарт болып табылады. Бүгінгі таңда Компанияның әлеуметтік жеңілдіктер бюджеті 9,1 млрд. теңгені құрайды. Ұжымдық келісім-шарт бойынша 29 жеңілдік қарастырылса, соның 11 – ардагерлерге және осыншама қызметкерлер балаларына белгіленген.

Конференция шеңберінде пікірталас клубы форматында жастар сессиясы болып өтті. Онда жас ұрпақ алдында тұрған қауіп-қатерлерді назарға алып, жастар үшін лайықты еңбек мәселелері талқыға түсті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

8.jpg

9(1).jpg

Пайдалы сілтемелер