«ҚТЖ» ҰК» АҚ жылдық 3,25% болатын 170 млн. швейцарлық франк сомасында бесжылдық еурооблигацияны орналастырды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жылдық 3,25% болатын 170 млн. швейцарлық франк сомасында бесжылдық еурооблигацияны орналастырды

2018 жылдың 5 желтоқсанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ купондары мен өтеу кірістері жылдық 3,25% болатын 170 млн. швейцарлық франк сомасында бесжылдық еурооблигацияны орналастыру туралы мәмілені жүзеге асырды. 100 млн. швейцарлық франк швейцарлық рынок үшін айтарлықтай қомақты сома болып табылады. Халықаралық нарықтағы капиталдың құбылмалылығына қарамастан, компания швейцарлық облигация корпоративтік рыногына қатысуын сәтті нығайта білді. Нарыққа шығаруға Швейцарияның ірі институциональдық инвесторлары, сондай-ақ жеке банктер клиенттері де қатысты.   

Шамамен 30 инвестордың компания облигацияларына ақша салуы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ кеңінен танымалдығын және сенімділігін айғақтап берді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Жаслан Мадиев түсінік бере кеткендей, аталған шығарылым АҚШ долларындағы банктық қарыздарды жедел қайта қаржыландыру үшін жасалды.

Еурооблигацияларды швейцарлық франкте орналастыру жүк тасымалынан түсетін валюталық табысқа сәйкес келеді.

Бұл валюталық тәуекелділік пен борышты өтеудің профилдік тепе-теңдігін төмендетуге, осылайша, компанияның қысқамерзімді міндеттемелеріне қызмет көрсету жүктемесін түсіруге мүмкіндік береді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ толықтай алғанда қарыздық жүктемені және валюталық тәуекелділікті қысқарту жөніндегі бағдарламаны ары қарай жалғастыратын болады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңадан шығарылған облигацияларына ВВВ- (Fitch) / Ваа3 (Moody`s) эмитентті рейтингі деңгейіндегі кредиттік рейтинг берілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ капиталына мемлекеттің 100% қатысуындағы тігінен интеграцияланған көліктік-логистикалық холдинг болып табылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер