Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша қазанда жүкайналымы 5,4% өсті

«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша қазанда жүкайналымы 5,4% өсті

2019 жылдың қазанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша тиеу 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9% артты және 23,3 млн. тоннаны құрады.

Эксплатациялық жүкайналымы 20,9 млрд. т-км құраса, бұл өткен жылғыдан 5,4% артық.

Өткен жыл көрсеткішімен салыстырғанда қазақстандық астықты тиеу 3,7% өсімге ие болса, соның ішінде экспортқа - 16,2%.

ҚР ішінде ұңтақ өнімдерінің тасымалы 81,6% болса, құрылыс өнімдерінің тасымалы 6,3%.

2019 жылдың 10 айы қорытындысы бойынша 210,7 млн. тонна жүк тиеу қамтамасыз етілсе, соның ішінде тас көмір – 83 млн. тонна, астық – шамамен 8,2 млн. ұнтақ өнімдері – 2,1 млн. тонна, құрылыс өнімдері – 17,8 млн. тонна.

Жыл басынан жүкайналымы 185,7 млрд. т-км неттоға жетті және жоспардағыға қарағанда 100,2%, өткен жыл көрсеткіші деңгейінен өсім 1% құрап отыр.

Пойыз салмағы, жүк пойызы қозғалысының техникалық жылдамдығы, жұмыс істеп тұрған вагондар айналымы, жүк вагондары мен пайдалану қызметінің орташа тәуліктік өндірісі сияқты пайдаланудың сапалы көрсеткіштерінің қызметі артты.

 «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер