Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері Кореяда оқып келді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері Кореяда оқып келді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің жас қызметкерлері Сеул ғылым және техника ұлттық университеті Теміржол жоғары мектебінде магистрлық курс бағдарламасы бойынша біржылдық оқуын бітіріп келді.

IMG_0279-1.jpgБұл жерде ақпараттық технологиялар саласында академиялық деңгейдегі (MBA, MS или Ph.D) білімге ие теміржол көлігі үшін мамандарды даярлайды. Олар жоғарыжылдамдықты қозғалысты, жеңілрельсті көлікті - LRT (Light Rail Transit) енгізу, магнитті левитациямен пойыздарды жөнелту және өзге де темір жолды дамытудың әлемдік тенденцияларын оқып білді. Оңтүстік Кореяның мемлекеттік гранты бойынша білім алғаннан кейін «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің менеджері Бекен Ақпан техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

  Бекен – болашағы зор жас қызметкер. Теміржолға ол 2014 жылы келіп, Астана локомотив пайдалану депосының жаңа технологиялар бөлімінде инженер-технолог болып жұмыс істеді.

Ол Мәскеу жол қатынастары мемлекеттік университетін «Локомотив» мамандығы бойынша бітіріп шықты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Теміржол көлігі қызметкерлерін оқыту және дамыту орталығында «Болашақ басқарушы» курсы бойынша және локомотив шаруашылығындағы инновациялық технологиялар бойынша оқудан өтті.

«Кореяда білім алу өз әлеуетімді аршуға мүмкіндік берді. Бұл жаңа жетістіктерді бағалау, жаңа перспективаларды дамыту. Мектепте жылдам өзгеріп жатқан әлемге кірігуге, зерттеулермен айналысуға, дамуға ыңғайы бар білікті мамандарды дайындайды», - дейді Б. Ақпан.

IMG_0282-1.jpg«ҚТЖ» ҰК» АҚ тағы бір қызметкері Меруерт Жұмаханова Сеул ғылым және техника ұлттық университетінде бір жылдай білім алып, «Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бизнес-процестердің реинжинирингі» тақырыбында диплом жұмысын қорғады. Меруерт – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнес-архитектура департаментінің бас менеджері, Компанияда 15 жылдан астам жұмыс істейді.

«Өзімнің функциональдық міндеттерім шеңберінде менің ары қарайғы жұмысым Кореяда алған өлшеушіз білімімді пайдалана Компания бизнес-процестерін жетілдіруге және жақсартуға бағытталады. Компанияның ұйымдастыру құрылымы мен бизнес-процестерін құруда эмпиритикалық зерттеулер және бенгчмаркинг жүргізу үлкен рөл атқарады. Оқу кезінде әр түрлі елдер темір жолдарын саралау мен жан жақты зерттеу өте қызғылықты болды. Сондай-ақ семинарларда мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметі жайлы жан жақты мағлұмат бердім», - деп атап көрсетті М. Жұмаханова.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


IMG-20191001-WA0040.jpg


IMG-20191001-WA0037.jpg


IMG-20191001-WA0044.jpg

Пайдалы сілтемелер