Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жоспарлаудың интеграциялық жүйесі енгізілуде

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жоспарлаудың интеграциялық жүйесі енгізілуде

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Трансформация командасы SAP NOW Kazakhstan форумына қатысты.

Іскерлік шара алаңында еліміз ІТ-индустриясының, бизнесінің, ұлттық компанияларының және мемлекеттік секторының өкілдері интеллектуалдық кәсіпорындар салуға мүмкіндік беретін, технологиялық шешімдерді қолдану мәселелерін талқылады.

Форум барысындағы баспасөз мәслихатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері Компанияда «Жоспарлаудың интеграциялық жүйесі» Трасформациялау бағдарламасы жобаларының жүзеге асуы туралы айтып берді.

Жобаның негізгі мақсаты қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді бекіткенге дейін өндірістік процестерді жоспарлау, сұранысты айқындағаннан бастап, барлық кезендердегі болжау мен жоспарлау процестерін жетілдіру болып табылады. Оның негізіне болжау сараптамасы мен үлкен мәліметтерді саралау, машиналық оқыту технологиясы жатқызылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржылық бақылаушысы Шолпан Омарбекованың айтуынша, аталған жоба – көлік-логистикалық сала үшін тиімді және инновациялық шешім.

«Тасымал көлемін тиімді жоспарлау көліктік қызмет нарығында маңызды элемент болып табылады. Қазіргі кезде біз білім, тәжірибе және маркетинг қызметі сараптамасына жүгінеміз. Аталған жобаның жүзеге асырылуымен біз тиімді пайдалана алатындай тасымалдау көлемін жоспарлау жөніндегі құралдар жиынтығын болжауда ІТ-құралдармен және математикалық моделдермен толығуын күтеміз. Бұл құралдар бірқатар жылдан бері құрылған ақпарат көлемін, кең көлемді ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік береді. Жүйе трендтер мен макроэкономикалық көрсеткіштерді есепке ала отырып өңдеу нәтижесіне назар аудартып тасымалдау жоспарын көрсетеді. Осылайша жоспарлаудың нақтылануы мен тиімділігі арта түседі», - деп атап көрсетті Ш.Омарбекова.

Өз кезегінде SAP Қазақстанның басқарушы директоры Евгений Теремов жоспарлаудың нақтылығы жоспарланбаған шығыстарды төмендетіп, штаттан тыс жағдайлар саның азайтып, компания көрсететін қызметтер сапасына оң ықпал ететіндігін тілге тиек ете кетті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер