«ҚТЖ» ҰК» АҚ САРЫШАҒАН –ШЫҒАНАҚ ТЕЛІМІНДЕ ВАГОНДАРДЫҢ РЕЛЬСТЕН ШЫҒЫП КЕТУІНЕ ҚАТЫСТЫ ШЫҒЫНДЫ КІНӘЛІ ТАРАПТАН ТАЛАП ЕТТІ

31- шілдеде Сарышаған- Шығанақ теміржол телімінде жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне қатысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ мамандары, «Азовэлектросталь» ЖАҚ (Украина), «Инсткомтранс» ЖШС өкілдерінің қатысуымен тергеу амалдарын өткізді.

Тексеру көрсеткендей, 28-ші вагонның бүйір жақтаушасының жарықшағы апатқа себеп болған. Аталмыш ақаулы жақтаушаны 2009 жылы «Азовэлектросталь» ААҚ шығарған. Вагонның меншік иесі –«Исткомтранс» ЖШС екендігі анықталды.Қазіргі қолданыстағы ҚР Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік тәртібіне байланысты болған оқиғаға «Азовэлектросталь» ААҚ тарапына тіркелді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ына келтірілген барлық шығындар заңдық негізде вагонның меншік иесі «Исткомтранс» ЖШС-нен талап етілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер