«ҚТЖ» ҰК» АҚ сала ардагерлері «Серебрянный осень» фестивалінде болды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ сала ардагерлері «Серебрянный осень» фестивалінде болды

«РТЖ» ААҚ 15 жылдығына орай алғаш рет өткізілген «Күміс күз» халықаралық спорт фестиваліне теміржол көлігі зейнеткерлері мен ардагерлері қатысты.

Жеті күн бойы Мәскеу түбіндегі «Березовая роща» пансионатында қатысушылары 60 жастан асқан теміржолшылар командалары ұжымдасу мен күш, дәлдік пен жылдамдық бойынша сайысты. Фестивалге Достастық елдері теміржолшылары да қатысты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ командасының құрамына Болатбек Дүйсемалиев, Берік Айтбеков, Татьяна Поклад, Рысхан және Жұмағайша Ақбергеновтар, Қырықбай Әлсейтов кірді.

«Бізге барлығы да ұнады: фестивалдың ауаны да, ұйымдастырылуы да. Дене шынықтыру мен спортпен айналысудың арқасында жақсы денсаулық қалыптастыру және белсенді өмір сүру жолында РТЖ тәжірибесі бізге өзіміздің жолда осындай шаралар өткізуге түрткі болады», - деп өз әсерімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ командасының капитаны Б.Дүйсемалиев бөлісті.

Жеңімпаздар Құрмет грамоталары мен кубоктарға ие болды. Фестивалдің Құрмет грамотасын өздерінің жарты ғасырлық ғұмырларын темір жолға арнаған, ең үлгілі отбасы ретінде Рысхан және Жұмағайша Ақбергеновтер иеленді. Рысхан Ақбергенов теміржолда 49 жыл, ал жұбайы 42 жыл тер төгіпті.

Команда капитандары өзге де құрметті қонақтармен бірге фестивалдің естелігі ретінде ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. «Серебрянный осень» қатысушылары үшін мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»