Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Назарбаев Университеті» Ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Назарбаев Университеті» Ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2019 жылдың 13 наурызында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Назарбаев Университеті» арасында Ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов және «Назарбаев Университеті» ААҚ инвестициялар жөніндегі вице-президенті Ерден Құсайын қол қойды.

Меморандум көлік саласында тәжірибе алмасу, инновациялық және білім беру қызметі саласындағы ыңтымақтастықты дамытуға бағытталған. Құжат шеңберінде тағылымдама, семинарлар, білім беру тренингтері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ негізгі жұмысының бағыттары жөніндегі идеялар мен инновациялық жобалардың сайысы, инновациялық жобалардың корпоративтік акселерациясы бағдарламаларын өткізу жоспарланған.

ҚТЖ білім берудің заманауи тәсілдерін пайдалану арқылы жас қызметкерлердің әлеуетін дамытуға үлкен көңіл бөлуде.

Еліміздегі жоғары білім берудің флагманы болып табылатын білім орнынымен ыңтымақтастық Компаниядағы кадр саясатын жүзеге асыруда, жас теміржолшылардың кәсібилігін арттыру үшін қосымша ыңталандыру береді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2019-03-13 at 11.40.12.jpeg

Пайдалы сілтемелер