Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен COSCO Shipping арасында өзаратүсінік туралы стратегиялық меморандумға қол қойылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен COSCO Shipping арасында өзаратүсінік туралы стратегиялық меморандумға қол қойылды Ағымдағы жылдың 15 мамырында Нұр – Сұлтан қаласындағы ХІІ Астана экономикалық форумы шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев пен China Cosco Shipping Corporation Limited компаниясының Басқарма Төрағасы Сю Лиронгамен кездесуі болып өтті.

Келіссөз барысында көлік және логистика саласындағы өзараықпалдастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

«Ыңтымақтастықтың ары қарай да жемісті болуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Сіздер біз үшін өте маңызды серіктессіздер. Енді біз белгіленген жерге жүктерді жеткізуді жақсарту, жеңілдету үшін тағы да бірлесе белсенді жұмыс істегіміз келеді», - деп атап көрсетті Сауат Мыңбаев.

Сю Лиронг сондай-ақ трансқұрлықтық бағыттар бойынша жүктасымалын, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған, бірлескен жұмыстың нәтижелілігін және ыңтымақтастықтың жоғары әлеуетін атады.

Тараптар Қазақстан аумағы арқылы өтетін Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы контейнерлік сервисті дамыту, жүктер тасымалы көлемін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмыстарды бірлесе белсендіре түсуді жалғастыруға уағдаласты. 2019 жылдың төрт айында Қазақстан аумағы арқылы Қытай мен Еуропа арасындағы контейнерлік тасымал көлемі 93,2 мың ЖФЭ құраса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40% артық.

Қазақстандық көлік-логистикалық инфрақұрылымды пайдалану арқылы трансқұрлықтық тасымалды дамыту, қосымша контейнерлік ағынды жұмылдыру, жаһандық логистикалық тізбекке интеграциялануға мүмкіндік беретін Khorgos Gateway Құрғақ порты мен Ляньюнган порты және Cosco Shipping компаниясымен бірлескен кәсіпорынды дамытуда сәтті өзараыңтымақтастық атап өтілді.

Кездесуде қазақстандық тарап қытайлық делегацияны Каспий теңізі бойынша фидерлік кемелермен контейнерлік тасымалды ұйымдастыру жайынан хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен China Cosco Shipping Corporation Limited компаниясы арасында өзаратүсіністік туралы стратегиялық меморандумға қол қойылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


ZHA_9721_новый размер.JPG

Пайдалы сілтемелер