«ҚТЖ» ҰК» АҚ өңірлік теміржол бөлімшелерінде оперативті астық топтарын құруда

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өңірлік теміржол бөлімшелерінде оперативті астық топтарын құруда

Қостанай облысы әкімшілігінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері жүк жөнелтушілердің қатысуымен өткізілген кеңесте жаңа астықты тоқтаусыз тасымалдау жайын талқылады.

2018 жылы теміржол көлігімен 10 миллион тонна астық және майлы дақылдар тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары көрсеткіш.

Негізгі астықты өңірлер Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары болып табылады. Кеңес қатысушылары жылжымалы құрамды тиімді пайдаланып, тасымалдау сапасын көтеруді қарастырды.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Сағындық Жұмабаев вагондардың жетіспеушілігі станциялық және кіре беріс жолдарда жүктердің тиелуі мен түсірілуін күтіп қалуынан деп есептейді.

«Осы қолданыстағы вагондар дер кезінде астық тасымалдауға жеткілікті. Бастысы – оны тиімді пайдалану. Бұл өз кезегінде жүк жөнелтушілер мен элеваторлардың жүк тиеуді мерзімінде ұйымдастыруына байланысты»,- дейді С. Жұмабаев.

С. Жұмабаевтың хабарлауынша, ағымдағы жылғы 1-қазаннан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да астық тасымалдауды ұйымдастыру штабы жұмыс істейді. Қостанай, Ақмола теміржол бөлімшелерінде астықты тәулік бойы тасымалдауды ұйымдастыру штабтарын құру ойластырылуда.

С. Жұмабаевтың хабарлауынша, астық тасымалдаудың жаңа технологиясы енгізілді. Оның ішінде Құрық- Алят- Ахалкалаки –Карс- Мерсин бағдарында контейнерлік тасымал ұйымдастырылды. Болашақта аталмыш бағдарға айына 10 мың тонна астық тасымалдау жоспарланып отыр.

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бәсекелестігін көтеру үшін таяу және алыс шетелдерге тасымалдау тарифын төмендету көзделуде. Қазіргі таңда мұндай тарифтік жеңілдік Ауғанстан мен Иранға астық пен ұн өнімдерін тасымалдау жасалып отыр.

Жүк жөнелтушілерге жүктерін тасымалдау үшін басқа да меншік иелерімен келісімдер жасау ұсынылды.

Кеңесті қорытындылай келе Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жүк жөнелтушілерге жүк тиеу, түсіруді бақылауда ұстау тапсырды.

Кеңес қатысушылары мұндай талқылаулардың тиімділік әкелетіндігін атап өтті. Әсіресе, жүк тасымалдаушылар, өздеріне қажетті ақпараттарға қанықса, теміржолшылар қызмет көрсету сапасын жақсартуға қатысты тиімді мәліметтер алады.

«Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер