«ҚТЖ» ҰК» АҚ ІХ жастар форумына 300 тарта теміржолшы қатысуда

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ІХ жастар форумына 300 тарта теміржолшы қатысуда

2018 жылдың 4 желтоқсанында еліміздің барлық өңірлеріндегі темір жолдары бөлімшелерінен келген, 300 тарта жас қызметкердің қатысуымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ІХ Республикалық жастар форумы ашылды.

Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев құттықтау сөз сөйледі.

«Мемлекет басшысы «Қазақстандықтар әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялады», - дей келіп С.Мыңбаев «Компания алдында тұрған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізетін, кәсіби сапа мен машықты дамытатын, үзіліссіз оқу процесіне ашық, жаңа форматтағы мамандар» рөліне ерекше тоқтады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тоғыз жылдан бері Жастар форумын ұйымдастырып келеді. Теміржол саласының әр түрлі учаскелерінде жұмыс істеп келе жатқан, талантты жас қызметкерлерді нәтижелі қолдап келе жатқан форумның Қазақстанда теңдесі жоқ.

Қазіргі таңда Компанияда 50 мыңдай жас қызметкер болса, бұл жалпы жұмыс істеушілердің 39% құрайды. Жұмысшы мамандығы бойынша 39 мыңдай адам жұмыс істеуде. Ал басшылық лауазымында және жетекші мамандар – 13 мыңдай адам.

«Жастар саясатын сәтті жүзеге асыру адам капиталына құйылған инвестицияның жоғары қайтарымын қамтамасыз етеді: бүгінде Компанияның үштен бірінен астамы жас мамандар болса, солардың төрттен бірі басқарушы құрамды құрайды», - деп атап көрсетті С.Мыңбаев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ алдында көліктік-логистикалық кешенді ары қарай дамыту, Қазақстанның транзиттік әлеуетін жүзеге асыру жөніндегі күрделі міндеттер тұр. Нәтиженің негізгі базасы жұмыс жағдайының өзгеруіне жедел бейімделу және белсенділік таңыту болып табылады.

«Сондықтан да ішкі және сыртқы қауіптерге, мүмкіндіктерге жедел де ілкімді жауап беретін жастарға маңызды орын беріліп отыр. Компания өз тарапынан жас қызметкерлердің қабілеттерің шыңдауды, бастамаларын қолдауды және белсенді жастар саясатын жүзеге асыруды жалғастырады», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы.

Осы мақсатта «Жастар – өзгерістер лидері!» жаңа корпоративтік бағдарламасы әзірленді. Аталған бағдарлама шеңберінде 2019 жылы «ҚТЖ 100 жас тұлға» жобасы іске қосылатын болады. «ҚТЖ Лидері», «Professional skills», «Үнемді өндіріс бойынша үздік жоба» мен «Цифрлы ҚТЖ» байқауларының жеңімпаздары МВА бағдарламасы бойынша білім алуға, халықаралық тәжірибеден өтуге және «Worldskills Hi-tech» Еуразиялық чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

№2 фото молод форум КТЖ.JPGКомпанияның жаңа бастамалары көлік-логистика саласының тиімді дамуына сәтті үлес қосу кепілі – тұлғалық және кәсіби өсуі үшін жастардың алдында үлкен перспективалар ашады.

Форум шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы С.Мыңбаев «Атаулы стипендия» және «Магистраль» бағдарламасы бойынша Қазақ көлік және коммуникация академиясының екі студенті – Гүлжан Жалғасқа және Саттар Бертілеуовке Компанияның білім беру гранттарын табыс етті.

Форум қатысушылары алдында сондай-ақ қоғамдық даму вице-министрі Ж.Омарбекова, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары С.Абденов, Компанияның бас инженері Б. Қотырев, Назарбаев Университеті бизнес-акселераторының директоры Б.Сұлтанғазин, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ менеджері Г.Бейсбекова сөз сөйледі.

ІХ Республикалық жастар форумы ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында өз жұмысын аяқтайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

№4 фото молод форум КТЖ.JPG

№3 фото молод форум КТЖ.JPG

Пайдалы сілтемелер