Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ардагерлерге құрмет көрсетілді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ардагерлерге құрмет көрсетілді

Жеңіс Күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ұлы Отан соғысы қатысушыларын, тыл еңбеккерлерін және ардагер-теміржолшыларды құттықтады.

Сала ардагерлері орталық аппарат ғимаратында өткен мерекелік шараның құрметті қонақтары болды. Олар үшін Компания жастары күшімен тамаша концерт ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарлама «Өлмес полкі» - соғыс батырлары туралы естелікті мәңгілік ету жөніндегі акциямен сүйемелденді. Теміржолшылар майдангер, ардагер – туысқандарының портреттері бар странспаранттардың көрмесін ұйымдастырды.

Сондай-ақ дәстүр бойынша сала ардагерлері мен ҚТЖ қызметкерлері «Отан қорғаушылар алаңы» монументіне гүл шоқтарын қоюға қатысты.

Мерекелік күндерде Компания қызметкерлері ардагер-теміржолшылардың үйлеріне барып, гүл, азық түлік себетін тарту етіп, материальдық көмек көрсетті.

Ардагерлерге құрмет көрсету «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық құрылымдық бөлімшелерінде болып өтті. Осылайша Компания қызметкерлері аға ұрпақтың еңбектегі және жауынгерлік ерлігіне өздерінің алғыстарын жеткізуге тырысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


Пайдалы сілтемелер