Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ инженерлік міндеттерді шешу жөніндегі конкурс жеңімпаздарын анықтады

ҚТЖ инженерлік міндеттерді шешу жөніндегі  конкурс  жеңімпаздарын анықтады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол саласы үшін практикалық міндеттерді шешу үшін өткізілген «Idea Generator: railway sector» конкурсының қорытындысын шығарды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Nazarbayev University Research and Innovation System» (NURIS) бірлесе ұйымдастырған инженерлік шешімдер бәсекесі ағымдағы жылдың сәуірінде бастау алған еді.

Инженерлік шешімдерге құрылған жарыстың шарты бойынша қатысушылар үш практикалық міндеттен біреуін шешу керек болатын.

Бірінші міндет – станция аумағындағы тежегіш башмақтардың орналасқан жерін бақылау, екіншісі – локомотив кабинасында машинистің қырағылығын бағалау, үшіншісі – маневрлік жұмыстарды атқару кезінде локомотив машинисі үшін «соқырлық» аймағындағы кедергілерді анықтау.

Барлығы 115 тапсырыс тіркелсе, соның 17-сі өзге елдер өнертапқыштарынан келіп түскен. Тапсырыстарды таңдап алу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – Бас инженер Батыр Котыревтің төрағалығымен құрамына «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «NURIS» ЖМ сарапшылары кірген арнайы комиссия құрылды.

Таңдап алу қорытындысы бойынша комиссия Қазақстан темір жолдары жағдайына қолдануға қолайлы қызғылықты әрі оптималды шешім деп табылған 3 конкурсанттың жобасын таңдап алды.

Бірінші орын Самара мемлекеттік жол қатынасы университетінің студенттері Заткен Мұратұлы Темірлан мен Евгений Горелкинге берілді. Екінші орын «Dasco Consulting Group» ЖШС аға консультанты Зарина Әбілмәжінова мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Мәдина Әбілмәжиноваға бұйырды. Үшінші орынға Бурабай-Курорты белгі беру және байланыс дистанциясы басшысының орынбасары Қайрат Багаутдинов пен инженер-электроншысы Болат Қожахметовтың озық шешімдері лайық деп танылды.

Жеңімпаздарды марапаттау Нұр – Сұлтан қаласында өтетін темір жолдарды цифрландыру бойынша халықаралық көрме-конференция барысында болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Пайдалы сілтемелер