Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ инженерлік міндеттер шешімі бойынша конкурс жариялады


   «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржол саласы үшін практикалық міндеттер шешімі бойынша «Idea genefator: railway sector» идеясына конкурс жарияланды.

Шара «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Nazarbayev University Research and Innovation System» арасындағы көлік саласында тәжірибе алмасу, инновация мен білім беру қызметі саласындағы ыңтымақтастық шеңберінде өткізіліп отыр.

Конкурсқа инженерлік міндеттер шешіміне өз идеяларын ұсынған кез келген маман қатысушы бола алады. Бірінші міндет – станция аумағында тежегіш табандықтарын қалай бақылауға болады, екінші - локомотив кабинасындағы машинистің қырағылығын қалай бағалауға болады және үшіншісі - локомотив машинисі үшін "соқыр" аймақтардағы кедергілерді қалай анықтауға болады.

Тапсырыстар http://bit.ly/contest_reg сілтемесін қосқанда 2019 жылдың 6 мамырына дейін қабылданады.

Жеңімпаздар Нұр – Сұлтан қаласында 2019 жылдың мамырында өтетін темір жолдарды цифрландыру бойынша халықаралық конференция-көрмеде өз идеяларының мүмкіндіктерін паш ете алады және ақшалай сыйлық алады. 


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер