Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ҚТЖ: экологияға қамқорлық жолында

ҚТЖ: экологияға қамқорлық жолында

Ағымдағы жылдың 5-6 маусымында «ҚТЖ» ҰК» АҚ экология және қауіпсіздік өндірістік қызметінің мамандары Тараз қаласында өткен қызметкерлер жауапкершілігі және өндірістік экологиялық қауіпсіздік жөніндегі семинарға Қазақстанның барлық өңірінен келіп қатысты.

Семинар барысында теміржолшылар экология саласындағы есептіліктің ашықтығы мен тиімділігіне қол жеткізу, тәуекелгебағытты жоспарлау, экология талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік пен ішкі тәртіпті ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормаларды ұстану мәселелерін талқылады.

Бүкіл әлемде теміржол көлігі ауыр металдармен топырақты улауды төмендететін және ауаға зиянды заттарды тастауды болдырмайтын, электрмен тартуды кеңінен қолданатын экологиялық көлік түрінің бірі саналады.

«Компания табиғатқорғау қызметінде тиімділікті арттыруға ерекше назар бөлуде. Техникалық қайтақаруландыру есебімен қоршаған ортаға әсерін төмендетуді қамтамасыз етеді. Тепловоздарды ескі қозғалтқыштары күрделі жөндеуде заманауи экологиялық жаңасымен алмастырылады. Темір жолға жаңа буынға арналған озық үлгідегі локомотивтер келіп түсуде. Біртіндеп суүнемдеу технология мен ғимараттарды жылытудың жаңа жүйесі енгізілуде», деп атап көрсетті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өндірістік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Айтым Құрақбаев.

IMG_5111.jpg2019 жылдан ЖТ барлық өңірлік және желілік құрылымдық бөлімшелерінде қатты тұрмыстық: қағаз, пластик, әйнек қалдықтарын бөлек жинау бағдарламасы жүзеге асырылуда, бұл ретте 200 тарта арнайы алаң құрылды. Бұл жұмыс көму нысандарына түсіп жатқан қалдықтар ағының төмендету, екінші рет шикізат ретінде пайдалануға бағытталған. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 400 астам бокс қағаз, шамамен 100 бокс пластик және 70 бокс әйнек әкетілді. Жобаны енгізудің арқасында үнем 3,8 млн. теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан жылдың соңына дейін ЖТ қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету, отын-энергетикалық ресурстарды, суды барынша үнемдеуге қол жеткізу, әрбір қызметкердің экологиялық жауапкершілігін біртіндеп құруға бағытталған «Жасыл жұма» экологиялық акциясы өтуде. Арнайы жаднама көмегімен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаменті теміржолшыларды қарапайым ережелерді: қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сорттауға, суды үнемді пайдалануға, тиімсіз жарық қуатын пайдаланбауға, жұмыс күні аяқталғаннан кейін арнайы техникаларды сөндіруге және өзгелерін де сақтауға шақырды.

Семинар экологиялық қауіпсіздікті дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Орал, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Илецк, Қызылорда жол бөлімшелері, сондай-ақ Достық өңірлік учаскесінің қызметкерлеріне құрмет грамоталарын табыс етумен аяқталды.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер