Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

«ҚТЖ» ҰҚ »АҚ-да темір жол диагностикасының сапасын жақсарту бойынша брифинг өтті

«ҚТЖ» ҰҚ »АҚ-да темір жол диагностикасының сапасын жақсарту бойынша брифинг өтті

«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол желісін диагностикалау сапасын арттыру мәселелері бойынша көшпелі брифинг болып өтті.

БАҚ өкілдеріне диагностика жаңа жүйесінің ерекшеліктері туралы және оны ендіру туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жолдарды диагностикалау орталығы» филиалының директоры Аслан Ақашов айтып берді.

«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Магистраль» АБЖ жобасын 6 дана жедел диагностикалық кешенді (ЖДК) енгізу арқылы ұлғайту туралы шешім қабылданды.

«Жобаның мақсаты бірінші кезекте рельстердің ақауы мен жолдардың бұзылуын дер кезінде анықтап, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жолдарды кешенді диагностикалау», - деп атап көрсетті А. Ақашов.

Жаңа ЖДК жолдың жағдайына сәйкес пойыздар қозғалысы жылдамдығын ретке келтіру бойынша шараларды жедел қабылдау және түйіспе болттарының болмауын, рельс түйіспелері саңылауының алшақтығын автоматты түрде нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ олардың айрықша ерекшелігі қозғалыс жылдамдығын 90 км/сағ арттыру болып табылады. Ағымдағы жылдың мамырында жаңа ЖДК магистральдық желі инфрақұрылымын диагностикалау бойынша қызмет көрсету басталды. Жүйе толық көлемде 2019 жылдың қарашасынан жұмыс істей бастайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер