Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Жүк тасымалы: клиенттер қажеттілігін барынша ескеру

Жүк тасымалы: клиенттер қажеттілігін барынша ескеру

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев Семей жол бөлімшесінің теміржол құрылымдары басшыларымен кеңейтілген кеңес өткізді.

Кеңес отырысы барысында жүкағының арттыру үшін өңірде жағдай жасау, ағымдағы жылдың жоспары, 2018 жыл жұмысының қорытындысы, тасымал қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Семей бөлімшесінің директоры Марлен Көкірекбаев мәлім еткендей, 2018 жылы тиеу көлемі 11 млн. тоннаны құраса, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 1,4 млн. тоннаға көп. Бұндай көлем көмір, түрлі түсті руда, құрылыс жүктері, цемент және өндірістік шикізат есебінен болып отыр. Өткен жылы экспортқа жүк тиеу 36,5% артқан. Негізінен көмір, ұн, астық, ағаш жүктері экспортталды. Биылғы жылы 12 млн. тонна жүк тиеу жоспарланса, соның ішінде 9 млн. тонна көмір, 500 мың тонна түрлі түсті руда бар.

Электржабдықтау, белгі беру және байланыс құрылғыларының, жолдардың жайын жақсарту бойынша нендей іс-шаралар қабылданып жатқандығын Семей магистралдық желі бөлімшесінің директоры Айдын Шаукежанов ақпарат берді. Ол жылсайын бөлімшемен өңірде теміржол инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі іс-шаралар әзірленетінін атап көрсетті. Ағымдағы жылы Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы тартылған металл көпірге, сондай-ақ 34 км жолға күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған. Басымдықты бағыт – Дегелең – Семей – Аягөз – Ақтоғай учаскесінде ағаш тіректер жақын жылдары толық темірбетонға алмастырылып, пойыз қозғалысының жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Кеңесте сонымен қатар «Қазтеміртранс» АҚ бас директоры Дәурен Бимов сөз сөйледі. Ол көлік экспедициясы мен вагон операторының қызметін ұсыну, вагон паркі техникалық жағдайын жақсарту жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндар берді. Ағымдағы жылдың басынан «Қазтеміржол» АҚ іске қосылған вагондарының саны жалпы тиеудің 70% құрады.

«Вагондардың тұрып қалуын қысқартып, станцияларда жүктерді тиеу жұмыстарын жақсартып, жүкжөнелтушілердің көліктік қажеттіліктерін жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, тасымал сұранысын толық қамтамасыз ету керек», - деп атап көрсетті Сауат Мыңбаев.

Бұл ретте ол бүгінгі таңда транзиттік тасымалды дамыту үшін қолайлы жағдайлар құру, Компания жұмысының тиімділігін арттыру басымдықты екендігін атады.

Кеңес барысында Семей жүк тасымалы бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қырықбай Әлсейтов қолдау білдіріп келе жатқаны үшін Компания басшылығына ризашылығын білдіріп, ардагерлер ары қарай да жас ұрпақты тәрбиелеу, теміржол саласының игілігі үшін қызмет жасай беретіндіктерін ерекше атады.

Өзінің жұмыс сапары барысында С.Мыңбаев Семей станциясының бірқатар теміржол кәсіпорындары жұмысымен, танысып шықты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер