Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Теміржол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ҚТЖ жобасы Токиодағы ТЖХО АТАА 28-ші отырысында бекітілді

Теміржол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ҚТЖ жобасы  Токиодағы ТЖХО АТАА 28-ші отырысында бекітілді

Компанияның инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директоры - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Бауыржан Орынбасаров бастаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Токиодағы Теміржолшылардың халықаралық одағы Азия-Тынық мұхит аймағы ассамблеясының 28-ші отырысына қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері 2019 жылы орындалып жатқан «Цифрлық көліктік дәліз үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік» жобасы бойынша алдын ала есеп беру рәсімін өткізді.


Отырыс барысында 2020 жылға жеті жобалық бастама бекітілді, соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ жобасы – «Цифрлық технология көмегімен теміржол инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсетуді болжау» (PMDT) бар.

PMDT жобасының мақсаты – нақты жағдайы бойынша жол шаруашылығы нысандарына қызмет көрсету және жоспар бойынша жөндеуден жөндеуге өту үшін тұжырым әзірлеу. Жобаның үш басты міндеттері: ағымдағы жығдайды зерттеу мен алынған ақпаратты саралау, нақты жағдайға сәйкес жоспарлы жөндеуден жөндеуге өтуді қамтамасыз ететін пилоттық жұмыстар мен құралды (ақпараттық жүйені) құру тұжырымын әзірлеу айқындалды.  

ТЖХО АТАА шарасы шеңберінде қазақстандық делегация Теміржол көлігін техникалық зерттеу институтының қолдауы бойынша ұйымдастырылған 2019 Дүниежүзілік теміржол зерттеулер конгресіне (RTRI), ТЖХО АТАА Басқару комитетінің 17-ші отырысына қатысты. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізілді.

Б. Орынбасаров ТЖХО жаңа Бас директоры Франсуа Давеннемен келіссөздер жүргізіп, соның барысында ТЖХО АТАА жобалық қызметі бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ ары қарайғы жұмысы, сондай-ақ Компанияның «Қауіпсіздік жөніндегі мәліметтер базасы», «Электрондық пломбалар», «Пилоттық блокчейн» және «Экологиялық есептілікті жақсарту» жобаларына (аталған жобалар бастамашысы – ТЖХО) қатысуы талқыланды.  


ТЖХО АТАА Төрағасының орынбасары – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы атынан Италия мемлекеттік темір жолының Басқарма Төрағасы - ТЖХО Басқарма Төрағасы Джанлуинджи Кастелли мен ТЖХО Бас директоры Франсуа Давенне Нұр – Сұлтан қаласында 2020 жылдың 7-8 қазанында өтетін ТЖХО АТАА 30-шы мерейтойлық отырысына шақырылды.

Анықтама:

Темір жолдардың халықаралық одағы (ТЖХО) – 1922 жылы 17 қазанда Париж қаласында (Франция) құрылған, теміржол көлігін алға жылжыту және теміржол саласын білдіретін, дүниежүзілік кәсіби қауымдастығы.

ТЖХО үш басты мақсатты басшылыққа алады:

·     ТЖХО аймақтарымен үйлестіру (Африка, Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Еуропа және Таяу Шығыс).

·     Техникалық ынтымақтастық саласында және жылжымалы құрам, инфрақұрылым, жолаушылар мен жүк тасымалын дамыту саласындағы ынтымақтастық, соның ішінде қауіпсіздік.

·     Қаржы, адами ресурстар, заңгерлік, коммуникация мен институциональдық қарым-қатынастар саласындағы консультация жүргізу.

Темір жолдарды зерттеу жөніндегі дүниежүзілік конгрес (WCRR) –ТЖХО мен TTCI (АҚШ), RSSB (Ұлыбритания), RTRI (Жапония), Trenitalia (Италия), DB AG (Германия), SNCF (Франция) негізінде құрылған әлемдегі ірі темір жолдарды зерттеу жөніндегі халықаралық конгресс.

    WCRR – теміржол компанияларымен қатар өндірістік, зерттеу мекемелерін біріктіретін теміржол саласындағы инновациялар тақырыбына арналған әлемдегі бірден бір кросс-тақырыптық конгресс.  

Темір жолдарын зерттеу жөніндегі дүниежүзілік конгресс шеңберінде әр түрлі елдердің теміржол өнімдерін өндірушілер мен теміржол компанияларының көрмелері өткізіліп тұрады.


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер