Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Темір жолды цифрландыру көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді

Темір жолды цифрландыру көрсетілетін  қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол көлігіне цифрлық технологияларды интеграциялау мәселелері бойынша халықаралық конференция болып өтті.

Конференцияға теміржол саласының өкілдері, ІТ-компаниялар, қазақстандық және шетелдік ғылыми зерттеу мен конструкторлық-техникалық орталықтарының мамандары қатысты.

Сарапшылар цифрландыру саласындағы әлемдік трендтерді талқылады. Қатысушылар темір жолдағы өндірістік процестерді ұйымдастыруды жетілдіру үшін цифрлық технологияларды енгізудегі өздерінің тәжірибелерімен бөлісті, цифрлық трансформацияны жүзеге асыру жоспарлары туралы айтып берді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов «Қазақстан темір жолдарын цифрландырудың негізгі бағыттары «Өндірістік интернет» пен «Электрондық коммерция» болып табылатынды» екендігін атап көрсетті.

«Электрондық коммерция» бағытында ҚТЖ ҚР мемлекеттік органдары мен өзінің автоматтандырылған интеграцияланған «Жүк тасымалының бірыңғай цифрлық жүйесі» пилоттық жобасын жүзеге асыруда.

«Өндірістік интернет» бағытында активтерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге, ұстап тұруға шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретін, шешімдерді қабылдау қарастырылуда.

Конференция барысында теміржол көлігі саласында ғылыми-техникалық және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Конференция қорытындысы бойынша ыңтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Беларусь темір жолы» МБ арасында Темір жолдары үшін электрондық цифрлық карта құру мәселелері бойынша ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ вагонқұрылысында заманауи технологияларды пайдалануда, жүк вагондары мен оның қосалқы бөлшектерін жөндеу кезінде тәжірибе алмасу бойынша «Транстелеком» АҚ және «Бірлескен вагон компаниясы» ғылыми-өндірістік корпорациясы» ЖАҚ Ыңтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Бұдан басқа, теміржол локомотивтеріне автожүргізу жүйесін енгізу бойынша, цифрландыру бойынша жобаларды жүзеге асыру саласында, теміржол желілерінің қауіпсіздігі саласындағы ыңтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


004.jpg


003.jpg

001.jpg


Пайдалы сілтемелер