Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

ВАГОНДАРДЫҢ ЖОЛДАН ШЫҒУЫ ПОЙЫЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕН ЖОҚ

2019 жылдың 5 мамырында 1 сағат 55 минутта Ақмола облысындағы Нұр-Сұлтан – Көкшетау учаскесінің Ақкөл теміржол станциясында жүк пойызының қозғалысы кезінде 8 вагон жолдан шығып кеткен (соның 5 бір бетіне ауып қалған) және дизель отыны төгілген. 

Оқиға орын алған жердегі жағдайды мұқият тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. 

Аталған оқиға салдарын жою үшін Ақкөл ауданы ТЖБ қызметкерлері мен өрт сөндіру машиналары, Нұр – Сұлтан және Бурабай-Курорты станциясы өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды. 

Жолдан шығудың себебі вагонның белбеулік рамасының сынып кетуі делінуде(меншік иесі «Исткомтранс» ЖШС).
Жапа шеккендер мен жараланғандар жоқ.

Аталған участекте жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылуда.
Заңнама тәртібімен барлық келтірілген шығын жүк вагонының иесіне артылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер