Шығыс-қазақстандық теміржолшылар балалар үйі тәрбиеленушілеріне шамамен 12 миллион теңге аударды

Шығыс-қазақстандық теміржолшылар балалар үйі тәрбиеленушілеріне шамамен 12 миллион теңге аударды

Шығыс Қазақстан облысындағы Балалар ауылының жеті тәрбиеленушісін бірқатар жылдан бері өңірлік жол бөлімшесінің ұжымы өз қамқорлықтарына алып келеді.

Үш тәрбиеленуші – Архат пен Карина Груздевтер және Татьяна Маслова жергілікті жүк тасымалы бөлімшесінің патронаттығында келеді. «ӘТЖК» АҚ филиалының, Защитинский дабыл және байланыс дистанциясының, Защитинский және Серебрянский жол дистанциясының жұмысшылары жасөспірімдер Мавлади Голяковтың, Сергей Кривченконың, Ислан мен Ислам Мамытовтардың мұқтаждықтарына, сабағына және қажетіне көңіл бөліп келеді.

«Теміржолшылар жыл сайын балалардың есеп-шоттарына олар баспана сатып алуы үшін ақша аударып келеді. Міне біздің тәрбиемізден өткен Владимир Вторушин Балалар үйінен шыққанан кейін теміржолшылар жинап берген ақшаға Белоусовка ауылынан өзіне үй сатып алды. Бізді осы қуантады, енді балада баспана бар. Ал ары қарай барлығы да оның өз қолында», - деді «Қазпрофтранс» ҚБ Орталық кеңесінің өкілі Әйгүл Жайлаубаева.

Шығыс-қазақстандық теміржолшылар өздері демеушілік көрсетіп келе жатқандардың мамандық иеленуіне, білім алуына ерекше назар аударып келеді. Осындай игі қолдаудың арқасында Балалар үйінің тәрбиеленушісі Татьяна Маслова қазір М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында оқиды. Ол болашақта өз өмірін темір жолмен байланыстыруды ойлап отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі  

Пайдалы сілтемелер