Шекаралық Алтынкөл станциясында шамамен екі шақырымдай тар табанды жол жөнделді

Шекаралық Алтынкөл станциясында  шамамен екі шақырымдай тар табанды жол жөнделді

Жалпы ұзындығы 7 шақырымдық мемлекеттік шекара – «Т» паркі учаскесінде тар табанды (1435 мм) жолды жөндеуді жүзеге асыру үшін Алтынкөл станциясында технологиялық «терезе» тиімді пайдаланылды.

Бұрындары осындай жол жөндеу жұмыстары қолмен атқарылатын, енді қытайлық теміржолшылар ұсынған Duomatic түзету-бұрғылау-тегістеу машинасы – ауыр жол техникасы пайдаланылады. Техника арқасында аталған 2 км теміржол желісі жөндеуден өтті.

Более двух километров пути узкой колеи отремонтировано 2.jpeg«Біз Қорғас станциясы теміржолшыларымен бірге учаскені жөндеуді табысты жүргізе білдік. Бұл түйісу пунктінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Қазақстандық және қытайлық мамандар барлық түйіспе болттарды тартып, тіншегелерді қағып, жолдарды жоспарлы тегістеуді толық атқарды. Барлығы да сапалы жоғары деңгейде орындалды», - деп атап кетті Алтынкөл станциясының басшысы Жандос Ұнтақбаев.

«Екі шекаралық станцияның ыңтымақтастығы жүк жұмыстарына оң ықпалын жасады. Қытайлық тарап пойыздардың салмақтық нормасын 5 мың тонналық жүкке дейін көтерді, бұрындары ол максималды 3 мың 200 тонна болатын», - деді Ж.Ұнтақбаев.

2018 жылдың басынан Алтынкөл станциясынан 770 контейнерлік пойыз жолға шығыпты. Өткен жылы осындай 420 пойыз жөнелтілген болатын.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер