Шамамен 9300 теміржолшы жол тазартуға қатысты

Шамамен 9300 теміржолшы жол тазартуға қатысты

Осы аптада теміржол желілері 12 мың текше метр қардан аршып алынды.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары магистралдық желілеріне ҚТЖ қарсырушы және қардантазартушы техникаларының барлық түрі 52 рет шығуы орын алды. 23 мен 30 қараша аралығында 1300 км теміржол желісі тазартылды.

Инфрақұрылым нысандарын қардан тазартуға 9300 теміржолшы жұмылдырылды.

Жолдарды тазарту жұмыстары тәулік бойғы штаттық режимде жүргізілуде.

Барлық желілерде пойыздардың қауіпсіздігі мен үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін өңірлік жол бөлімшелерінің жұмысшылары барлық күш-жігерлерін салуда. Теміржолшылар магистралдық желілерді қардан аршып алу үшін барынша ширақ қимылдауда. Жол монтерлері мен өзге де теміржол мекемелерінің қызметкерлері әрекетінің арқасында пойыздар қозғалысы кестесінің бұзылуына жол берілмей келеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер