Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Сеулде ТЖЫҰ шеңберінде теміржол әкімшіліктері ыңтымақтастығының мәселелері талқыланды

1444.jpg2019 жылдың 8-12 сәуірінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев бастаған делегация Сеул қаласында өткен Темір жолдары ыңтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) Темір жолдары бас директорларының ХХХIV отырысына қатысты.

Отырыс барысында кадр даярлау мен кәсібилікке оқыту, қаржы мен есептесу, кодтау мен ақпаратпен қамту, жылжымалы құрамды пайдалану, инфрақұрылым, жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз етумен байланысты мәселелер талқыланып, ТЖЫҰ жұмыс органдарының 2018 жылғы жұмыс қорытындылары қаралды және бекітілді.

Сондай-ақ Тікелей халықаралық теміржол қатынасы туралы конвенция мәтінің қабылдау жөніндегі Халықаралық үкіметаралық конференция өткізудің барысы туралы мәселе талқыға салынды.

Отырысқа қатысушылар Ұйымның 2018 жылдағы жұмысының есебін, 2020 жылға дейінгі ТЖЫҰ жұмыс бағдарламасын мақұлдап, Комитет бюджеті мен орналасқан орынымен келісті. Қосылған кәсіпорындарға статус берілді, сондай-ақ 2020 және одан кейінгі жылдардағы БДК отырыстарын өткізу кезегі айқындалды.

Клиенттерді тарту мақсатында теміржол компаниялары алдында тұрған бизнес міндеттерді жүзеге асыру бойынша өздеріне алған міндеттемелерді және қабылданған шешімдерді тиімді орындауда ТЖЫҰ үйлестіру рөлі ерекше аталды.

Бүгінгі таңда ТЖЫҰ жұмысы Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік елдері ыңтымақтастығы көңістігін кеңейту, тұрақты теміржол көлігі серіктестерінің назарын барған сайын көбірек аудара түсті.

ТЖЫҰ Темір жолдары Бас директорлары конференциясының ХХХIV отырысы шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы С.Мыңбаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. «Польша мемлекеттік темір жолдары» АҚ Басқарма Төрағасы Кшиштоф Маминськимен, «Эстон темір жолдары» АҚ Бас директоры ЭрикЛайдвеэмен, Трансібір тасымалы бойынша үйлестіру кеңесінің Бас хатшысы Геннадий Бессоновпен, «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ Төрағасы Джавид Гурбановпен теміржол көлігі саласындағы ыңтымақтастық мәселелері талқыланды.

«Қазақстан темір жолдары» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пайдалы сілтемелер