Біздің Telegramдағы https://t.me/railways_kz арнамызға жазылыңыздар.

Сауат Мыңбаев Арыс станциясындағы теміржол нысандарында болды

Сауат Мыңбаев Арыс станциясындағы теміржол нысандарында болды
Сауат Мыңбаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Арыс қаласының басты көрікті жерлерінің бірі - теміржол вокзалында болды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның төрағасы Арыс темір жол стансасындағы көлік инфрақұрылымы нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесімен танысты. Шойын жол нысандарында жүргізілген барлық жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталған. Жарылыс салдарынан темір жол торабында орналасқан 60-тан астам қызметтік-техникалық ғимараттар, көптеген тұрғын үйлер зақымдалған болатын. Қысқа уақыт ішінде көне теміржол вокзалы толық қайта жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енген. Қала өміріндегі тарихи да маңызды нысанның күрделі құрылысын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» жүргізді.


Арыс – Орта Азия қақпасы, тоғыз жолдың торабы атанған теміржолшылар қаласы. Халқының басым көпшілігі де шойын жол саласында қызмет етеді. Биыл 1-теміржол вокзалына 115 жыл толып отыр. Іргетасы 1904 жылы қаланған көне ғимараттың іші-сырты толық жаңғыртылды. Ең бастысы, ғимараттың тарихи сәулеті сақталып, ұрпаққа көне жәдігерлердің бірі болып қалмақ.
 

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/ktzh-toragasy-sauat-mynbaev-arysta-zhur_a3573701


Пайдалы сілтемелер